Талғат Теменов: Әрбір қазақ баласының қаны қаныпезерлердің мойнында

Талғат Теменов: Әрбір қазақ баласының қаны қаныпезерлердің мойнында

 

Қаңтар қасіреті кезінде ұсталып қамалғандарды тергеу барысында құқық қорғау сала қызметкерлері әртүрлі азаптау, қинау әрекеттеріне жол бергенін ешкім жоққа шығара алмайды. Тіпті азаптаудың адам айтса төзгісіз (үтік басу, ыстық су құю, саусаққа ине сұғу т.б) түрінің қолданылғаны шындық екенін көріп отырмыз. Оны бас прокуратура да мойындады.  

«Қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған алты адам рұқсат етілмеген әдіс-тәсілдерді қолданғандықтан, уақытша ұстау изоляторында көз жұмды», -деп хабарлады бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, УҰИ-да азаптау себебінен Алматыда – екі, Шығыс Қазақстан облысында – үш және Талдықорғанда бір адам көз жұмған. 

 «Жуырда ғана тергеу барысында рұқсат етілмеген әдіс-тәсілдерді қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді өндіріске алдық. Бұрын оларды тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары айналысқан еді. Бізге мұндай істердің барлығы берілген жоқ. Тек салдары ауыр, яғни өліммен аяқталған жағдайлар ғана»,- деп түсіндірді Ризабек Ожаров. Белгілі болғандай прокуратура тергеу барысында тыйым салынған әдіс-тәсілдерді пайдалану фактілерін зерттеп жатыр. Сонымен қатар болған жағдайларға қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

«Мұнымен қатар, тергеушілер үстіне үтік басып қинаған тағы бір Талдықорған азаматына қатысты істі қолға алдық. Бірақ ол азамат әзірде уақытша ұстау изоляторында отыр»,- деді бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы. 

Естеріңізде болса, қаңтар қасіреті кезінде жазықсыздан жазықсыз жеті баланың оққа ұшқаны, оның екеуі көз жұмғаны және тағы 227 адамның қазақ тапқаны белгілі. Ресми билік бейбіт митингке шыққан халыққа ескертусіз оқ ату себебін «мемлекеттік төңкеріс жасмақшы болды, 20 000 террорист билікті басып алмақ болды, Тәуелсіздіктен айрылып қала жаздадық» деп ақтағанымен, халықты сендіре алған жоқ. Қазір қаңтар қасіретіне әркім әртүрлі баға беріп жатыр.  

Режиссер Талғат Теменов «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған пікірінде қаңтар қасіретіне тарихта «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі үлкен қасірет деп баға берді. Режиссер «Ұлттық қауіпсіздік комитеті сатылып кетіп, ішкі әскердің барлығы биліктің басындағы ұйымдасқан топқа қызмет етті» дейді. «Қаңтар оқиғасы біздің тарихымызда «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі үлкен қайғы-қасірет болды. Тіпті, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде де мұндай болған жоқ. «Ақтабан шұбырындыдан» кейін біздің халықтың сансырап, қансырап кеткені осы кешегі қаңтар болды. Ең қорқыныштысы сол, Тәуелсіздігімізден ажырап қала жаздадық»,- деді Талғат Теменов. Режиссердың айтуынша, Қаңтар оқиғасы өзінің бағасын әлі алған жоқ. Оны ұйымдастырушылардың аты ерте ме, кеш пе, жариялануы керек. «Өйткені, тасты суға тастауымыз мүмкін. Ал жапырақты суға батыра алмайсың. Ол ерте ме, кеш пе, судың бетіне қалқып шығады. Қаңтар кезінде қаза болған әрбір қазақ баласы сол жапырақ жүрек сияқты. Ол су бетіне шықпай қоймайды. Бұл қаңтар трагедиясы үш жыл бұрынғы өрттен шейіт болған бес сәбидің көз жасы деп білемін. Өйткені, қан кешірмейді, сәбидің көз жасы біздің қоғамның мойнында. Кешегі қаңтар оқиғасы кезінде шейіт болған бейкүнә сәбилердің көз жасы қаныпезерлерді ешқашан ұмыттырмайды»,- деді Т. Теменов.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9165
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11791
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9559
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10771