«Талибан» БҰҰ-дағы тұрақты өкілін жариялады

«Талибан» БҰҰ-дағы тұрақты өкілін жариялады

    «Талибан» үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысына ресми хат жолдады. Ол құжатта Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы жаңа елшісінің тағайындалғаны жарияланған. Тәліптер бұрынғы президент бекіткен Гулам Исак-зайды бұл лауазымнан алып тастады. «Талибан» үкіметі тағайындаған жаңа өкіл – Мохаммад Су-хайль Шахин. «Талибан» үкіметінің ресми өкілі Забинулла Муджахид: «Біздің үкіметті мойындаудың барлық халықаралық ережелері бар емес пе?! Халықаралық қауымдастық ауған елімен ынтымақтасқысы келсе, көмек көрсеткісі келсе, бізді дипломатиялық жолдармен ресми билік деп танысын. Сонда осы жолдар арқылы қордаланған мәселелерді шеше алады», – деп мәлімдеді.

Ермек Сахариев
22.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5854
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5995
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20968
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19597
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23068