ТАМАҒЫМЫЗ НЕГЕ НӘРСІЗ?

ТАМАҒЫМЫЗ НЕГЕ НӘРСІЗ?

Ауыл шаруашылығын роботтандыру мәселелерін зерттеп отырып, мынандай сандық деректерге кез келдім де, қайран қалдым! Айран-асыр таңғалдым да, ашуым келді... 

Қайран қалған себебім мынау. 

https://www.facebook.com/share/v/1Be8RSggvd/

Мына кісі айтып отыр: бір гектар жерде (100м×100м) 32 тонна тірі организм болады екен! Оның 7 тоннадайы жауынқұрт, 25000 түрлі сан жетпес бактериялар, 75000 түрлі көзге көрінбейтін сан жетпес саңырауқұлақтар... Міне, топыраққа қажетті микро-, макроэлементтерді жасап беріп жатқан солар! 

Топырақтың «тіршілік қабаты» 20 см деп алсақ, 1 грамм топырақта 8 млрд микроорганизм жұмыс жасайды! Бұл не деген Құдайдың кереметі!

Ендеше бір шай қасық топырақта 50 млрд (!) көзге көрінбейтін құрттар бар! Топырақтың нәрін толтырып тұрған, демек айналып келгенде топырақтан шығып жатқан барлық жеп отырған тамағымыз – бәрі осыншама есебі жоқ «құрттардың» жұмысының нәтижесі! Ішіп-жегенім үшін Аллаға алғыс айту керек екенін білсем де, мынандай ой өмірімде миыма кіріп шықпапты! 

Осыдан кейін де адам «Құдай жоқ» деп көпіреді-ау!.. Сол микроорганизмдердің біреуін адам қолдан жасап шығара ала ма  лабораторияда?!

Қайран қалып отырғаным содан. Ашуланған себебім мынау. Мына адам не деп отыр? Қазіргі ауылшаруашылығында химияны қолданудың нәтижесінде сол қажетті «құрттардың» 3-ақ пайызы қалған топырақта! Сол себепті  дастарқандағы жеп отырған тамақтың да нәрі соншаға азайған: бұрынғы табиғи тамақтың құр тамтығы ғана қалған... Сол себепті ауру көп, қуат жоқ. Белсіздіктің де себебін осыдан ізде деп отыр мына кісі. 

Рас па? Мамандар не дер екен бұған?

https://www.facebook.com/share/v/1Be8RSggvd/

 

Саят Ыбырайдың 

фейсбук парақшасынан

07.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 756

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19677
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19489
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34617
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33185
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37004