Тараптар меморандумға қол қойды

Тараптар меморандумға қол қойды

Соңғы кездері қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарымызға мемлекет тарапынан түрлі бағытта қолдаулар көрсетіліп келеді. Бүгінде аталмыш буын өкілдерін сапалы біліммен қамту, жұмысқа орналастыру және де «NEET» санатындағы жастарды белсенді іс-шараларға тарту бүгінгі күннің басты талабына айналған. Осыған сәйкес жыл басында аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов аудан әкімдеріне және де жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Айта кетейік, бүгінде аталған бағыттағы жоспарлы жұмыстар, ілкімді істер аудан аумағында сәтті іске асуда. Дәл сондай баянды бастамалардың бірі күні кеше аймақтағы іргелі оқу ордаларының алдыңғы қатарында тұрған Құлан агротехникалық жоғары колледжінде ұйымдастырылды. Жоғары деңгейде өткен шарапаты мол іс-шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов бастаған бөлім басшылары, агросала қызметкерлері, ірі шаруа қожалық жетекшілері қатысты.Арнайы ұйымдастырылған семинар қорытындысының нәтижесінде аудан әкімдігі, жұмыс берушілер мен 100 жылдық тарихы бар білім ордасы арасында келісім жасалып, тараптар арнайы меморандумға қол қойды.Бұл дегеніміз алдағы уақытта меморандум шеңберінде жергілікті атқарушы орган мен білім ордасы бірлесе отырып, жастардың мемлекет тарапынан тегін білім алуына мүмкіндік жасалып, қажетті де білікті мамандарды даярлауды қолға алса, жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау туралы міндеттеме алып, меморандумға қол қойып отыр.Кеңес соңында семинар қатысушыларына білім беру мекемесінің мүмкіндіктері мен материалдық-техникалық базасы толық таныстырып, колледж қонақтары сапалы да білікті мамандарды дайындауға толық мүмкіндіктері де бар екенін жеткізді.Келелі өткен кездесудің нәтижесінде күн тәртібінде қаралған мәселелер алдағы уақытта өз шешімін табады деп айтуға толық негіз бар.

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
28.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 276
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 494
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756