Тараз қаласы: Жаңадан құрылатын екі ауданға қандай атау берген дұрыс?!.

Тараз қаласы: Жаңадан құрылатын екі ауданға қандай атау берген дұрыс?!.

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» ҚР 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-XII Заңы 2-бабының 5 тармағына сәйкес, облыстық маңызы бар қаладағы халық саны 400 мың адамнан асқан кезде өзара бірнеше ауданға бөлінуі тиіс. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша бүгінгі таңда Тараз қаласында 427 мыңнан астам халық тұрады. Осыған байланысты, шаһарды тиімді басқару және өзекті мәселелерді жедел шешу үшін екі аудан құру қажеттілігі туындауда.

Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен шаһардағы екі әкімшілік-аумақтық бірлікке атау беру бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Басқосуда сөз алған шаһар басшысы аталған жиынның маңыздылығына кеңінен тоқталды.
– Қаланы екі ауданға бөлу халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар, қаланың әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. Сондықтан мұны Тараз қаласын екіге бөлу деп ғана емес, оны тиімді басқарудың тетігі деп қарастырған жөн. Ал мұндай мәселеде жеке дара шешім қабылдауға болмайды. Қазақта «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген қанатты сөз бар. Сол үшін арнайы жұмыс тобын құрып, ұсыныс-пікірлерлерге құлақ түрмекпіз. Сіздердің тараптарыңыздан айтылған барлық ұсыныс міндетті түрде назарға алынады, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

Зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділерінен құралған жұмыс тобының мүшелері де өз кезегінде орамды ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Осы орайда республика көлемінде әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жұмыстары ҚР Үкіметінің №138 қаулысының талаптарына сәйкес және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» 555, «Тарихи жер-су атаулары» 380 және «Дәстүрлі атаулар» 298 тізімін басшылыққа ала отырып жүргізілетінін айта кеткен жөн. Сондай-ақ 2021 жылдан бастап қалаларға, аудандар мен елдімекендерге кісі есімдерін беруге тыйым салынған.
Осынау маңызды мәселеден қала тұрғындары да шет қалмай, өз ұсыныстарын жеткізуіне толықтай мүмкіндіктері бар.

❓Сонымен, екі ауданға қандай атау берген дұрыс?
Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!

22.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 387
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 352
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 969

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651