Тараз хирургтері тіс шұқығыш жұтып қойған науқасты құтқарды

Тараз хирургтері тіс шұқығыш жұтып қойған науқасты құтқарды

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына ішінің қатты ауыруы мен әлсіздігі бар 54 жастағы ер адам емдеуге жатқызылды. Науқас өзінің 4 күн бойы ауырғанын айтқан. Бірақ, медициналық көмекке жүгінбеген. Қатты ауырсынғаннан кейін жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жеткізілген. Хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, лапароскопия бойынша тәжірибелі және білікті маман Ғабиден Рахымжановтың бастамасымен дәрігерлер – Бекташ Дүрсінов пен Әлімбек Бекнұр компьютерлік томография жүргізді. Ол науқастың іш қуысында тіс тазалағыш тұрып қалғанын көрсеткен. «Бөгде затты алып тастау» әдісі бойынша шұғыл лапароскопиялық операция жасалды. Операция кезінде ұзындығы 4 см және диаметрі 2 мм ұзын жіңішке ағаш таяқша (тіс шұқығыш) алынды. Сәтті жүргізілген операциядан кейін науқас есін жиып, бірнеше күн бұрын қазы жегенін айтады. Ол етпен бірге тіс тазалайтын ағаштың өңешке түскенін байқамаған болуы керек.

 

 

arainfo.kz
30.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 63
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 61
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 173

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 92
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 168
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 164
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 173
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 172