Көктемнің жайма-шуақ кезеңіне бір айдан аз ғана уақыт қалды. Сондықтан қалада қарбалас тірлік басталып, округтерде арық-атыздарды тұрмыстық қалдықтардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Дәл қазір №3 округ бойынша сенбілік жұмыстары жанданып, коммуналдық сала мамандары күш біріктіруде. Міне, осы және өзге де мәселелер Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте күн тәртібіне көтеріліп, талқыға түсті.

Әсіресе, жеке бизнес нысандарынан шығарылатын тұрмыстық қалдықтарға жіті қадаға қажет. Сондай-ақ тал кесу жұмыстары тұрғындардың шағымын туғызуда. Бұдан бөлек, қалада заңсыз дүгіршектерді орнату тыйылар емес. Осыған орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков заңсыз орнатылған барлық дүңгіршектің жұмысын тоқтатуды жауапты сала мамандарына тапсырды.