Таразда атқарылар жұмыс көп

Таразда атқарылар   жұмыс көп

С.Мешітбайқызы осы қызметке тағайындалғанына көп уақыт бола қоймаған қала басшысын жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Кездесу барысында Сәуле Мешітбайқызы «Qazaqstan dauiri» халықаралық газетінің тарихымен таныстырып, қазіргі тыныс-тіршілігін, негізгі тақырыптары, бағыты жайлы баяндады. Сондай-ақ басылымның биылғы – 30, «Мөлдір бұлақ» журналының 20 жылдық мерейтойы жайлы айтып, той қарсаңында жарық көрген қос кітапты сыйға тартты. 

– Сіздей елге танымал, көпке сыйлы, өңіріміздің құрметті азаматымен танысқаныма шын қуанып отырмын. Әңгіме барысында көптен бері естімеген ақыл-кеңеске, аталы сөзге құлақ түріп, өзіңізден біраз ғибрат алдым деп ойлаймын. Мен қашанда сіздердің басылыммен бірлесе жұмыс істеп, ортақ жобалар жүзеге асыруға қолдау білдіремін. Қала басшылығы «Qazaqstan dauiri»-мен тізе біріктіріп жұмыс істеуге дайын, – деді Б.Орынбеков. 

Кездесуде көптеген тақырып, қоғамдағы қордаланған мәселелер қозғалып, кеткен кемшіліктің салдары, мәселені шешу жолдары әңгіме болды. Соңғы айларда облыс орталығындағы жаңадан қанат жайып келе жатқан 15-ықшамауданның төңірегі арыз-шағымнан, дау-дамайдан арылмай кетті. Әсіресе көпқабатты тұрғын үйлердің сапасына, жылыту жүйесіне қатысты сын көп. Қазір «Күлтөбеде күнде жиын», алайда мәселе анау айтқандай шешіле қойған жоқ. Өйткені мұндағы басты кемшілік – жобалудың дұрыс еместігінде. Істің басынан кеткен кемшілік бүгінге қордаланған күрделі мәселе болып жетіп отыр.

Ал қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы 15-ықшамаудан бойынша проблемалар облыс әкімінің толық бақылауында тұрғанын және өзі де күн сайын сонда барып, ондағы шаруаны зерделеп, тұрақты қадағалап отырғанын жеткізді. Мәселені шешу бағытындағы атқарылатын жұмыстың да аз еместігін айтып, біршама уақыт керек екенін де жасырмады. 

Жалпы кездесуде негізінен бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, әлеуметтік желінің әлегі, құрылыс саласындағы былықтар жайы сөз болып, басылым басшысы мен шаһар басшысы алдағы уақытта осы бағыттарда арнайы мақалалар ұйымдастырып отыруға уағдаласты.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8985
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8380
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11605
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9363
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10589