Таразда тіл жанашырларының республикалық форумы өтті

  Таразда тіл жанашырларының республикалық форумы өтті
Таразда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастырумен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумы өтті.

Форумға Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми - практикалық орталығы» мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері, тіл жанашырлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Басқосуды халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ғылым және білім мәселелері жөніндегі вице-президенті, Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Шерубай Құрманбайұлы жүргізіп отырды. Ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беруді мақсат еткен жиында алғаш сөз сөйлеген облыс әкімдігі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев мемлеттік тілдің өңірдегі ахуалына кеңірек тоқталды.

– Әулиеата жері қазақтың қара сөзінің қадірін алысқа жеткізген, ана тілінің қадірін арттыру үшін табандылықпен күрескен ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының, халқымыздың ой-санасының алтын дәптеріне әр сөзін шегендеп жазған халық жазушысы Шерхан Мұртазаның, ұлтының үкілеген үмітін жырға қосқан мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың туған топырағы. Осынау ұлт зиялылары ана тілінің қадірін арттыра отырып, бүгінгі ұрпағына сан ғасырлар азық болатын қанатты сөздер, ғибратты ойлар қалдырды. Бүгінде бұл жолды жалғастырған 2 776 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері білім саласында табанды еңбек етіп келеді. Оның ішінде қазақ тілінің мәртебесін арттыруды көздеп, ұстаздық жолында жүрген өзге этнос өкілдері де бар, – деді Лесбек Құралбайұлы.

Сондай-ақ, форумда қазақ тілінің ұлттық мазмұны мен мемлекеттік мәртебесі жайында баяндама жасаған мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы  тіл үйрету ісіндегі ұстаздың маңызды рөлі жайында сөз қозғады.

– Әр мұғалім мемлекеттік тілді насихаттауды өз пәнін қызықты етіп оқытудан бастауы керек. Сонда ғана пән мұғалімдерінің мәртебесі артып, шәкірттерінің ана тіліне деген құрметі күшейеді. Бұл істе ұстаздардың жаттанды методикадан арылып, жеке ізденіс нәтижесінде жаңа әдіс-тәсілдерге ұмтылуы маңызды. Мысал ретінде өз шәкірттеріңіздің аты-жөні, олар тұратын мекен-жай атауларының қандай мағынаға ие екендігін сұрасаңыздар да жеткілікті. Бұл бүлдіршіндердің сана-сезіміне әсер етіп, білімге деген қызығушылығын арттырары анық, – деді О.Асанқазы.

Бұдан өзге форумда Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Талғат Жакенов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті - Рауан Кенжеханұлы оқулықтардағы тіл мәселесі, бастауыш сыныптағы оқу сауаттылығы жөнінде пікір білдіріп, сала бойынша туындаған сұрақтарға жауап берді. Айта кету керек, республикалық форум елімізде төртінші мәрте өткізілуде. Бұған дейін ұстаздар жиыны Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақтан облыстарында өткен.

30.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 185
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666