Биыл Жаңа жыл мерекесіне орай Тараз қаласында екі шырша қойылады. Бірі ҚР Тұңғыш Президенті саябағына орнатылса, екіншісі «Көне Тараз» этно-мәдени кешінінде шамдары жарқырайды. Осы аумақтарда жаңажылдық безендіру жұмыстары жүреді. Бұл мақсатқа 19 миллион 150 мың теңге көлемінде қаржы қаралып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың Жаңа жыл мерекесінде қаламыздағы Бас шырша өртенген болатын. Сондықтан аталған қаржыға негізгі керекті безендіру жабдықтары алынды. Сондай-ақ, өткен жылдан қалған безендіру заттары, арнайы шамдар және жиналмалы шырша құрылымы (постамент) биыл да қолданылады. Бұл өте тиімді шешім.
Ал демеушілердің есебінен жиылған қаржыға қаламыздағы 2 225 мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы мерекелік сыйлықтар үлестіріледі. Қаржы көлемі шамамен 5 миллион теңге.