Тәрбиелі ұрпақ – ата-ананың мақтанышы, ел ертеңі

  Тәрбиелі ұрпақ –  ата-ананың мақтанышы, ел ертеңі

Кез келген халықтың болашағы, оның өміршеңдігі рухани қайнардан сусындаған, ұлттық рухы кемел, жақсы тәрбиеленген ұрпақтың қолында.

Егер ұлт өз болашағын аманат етіп тапсыратын текті, саналы ұрпақ өсіре алмаса, оның келешегі жоқ екені бәрімізге белгілі.

Иә, сөз жоқ, ұрпақ тәрбиесіне, ұлттың келешегіне ата-ана жауапты.

Сол себепті бүгінгі уақытта қазіргі кезде бәріміз үшін проблема болып отырған осы болашағымыз, балалардың толыққанды отбасында тәрбие ала алмай не әкесі, не анасы тастап кетіп, не алимент ала алмай дәрменсіз халде өмір сүріп жатқаны жанға батады.

Балаларына мейірімін бере алмай, толыққанды тәрбие бере алмай алимент төлеуден қашып жүрген әкелер немесе аналар қазір қуанып жүрген болар, балаларыма ақша төлемеймін, өзіммен-өзіммін деп, бар ауыртпалықты жалғызбасты анаға немесе әкеге тастап. Бірақ бұл санасыздық өз өмірінің болашағына балта шабумен тең дүние екенін түсінбей жүргендер. Себебі, бүгінгі мазасыз, тынымсыз, ізденімпаз, жауапты жастық шақтың ертеңгі алаңсыз, бақытты қарттық екенін ұмытпауымыз керек.

Бұл жағдайда, біздер, жеке сот орындаушылар, жалпы алимент төлеушілер мен алимент алушыларды кінәлаудан аулақпыз. Бірақ күнделікті жұмыс барысында, заңдылығына сай әрекет барысында, көріп, кездесіп жүрген жағдайлардан  кейін  әлі де ата-ананың өзінің дүниеге әкелген баласының – ұрпағының алдындағы өз міндеттерін дұрыс түсінбейтінін, алимент деген – әкесінің тек материалдық көмегі екенін түсінбей, баланың толық тәрбиесіне атсалыспай, жауапкершілікті сезінбейтіндігіне куә боламыз. Әрине, сіздерде түрлі жанұялық жағдайлар болған шығар, отбасын сақтап қалуға барынша әрекет еткен шығарсыздар, бақытты отбасы болуға тырысқан шығарсыздар, бұл жағдайлар сіздер үшін сынақ болған шығар. Бірақ сіздер өмірге жеке тұлға, еліміздің ертеңі, өзіндік құқы, міндеті бар еліміздің азаматы – бала әкелдіңіздер. Сол себепті бала алдында оны кәмелеттік жасқа жеткенше, толыққанды таршылық көрмей, тәрбиелі, саналы, жақсы азамат болып өсуіне міндеттісіздер.

Ата-ана бөлек кетсе де, баланы моральдық-материалдық жағынан қорғап-қолдап отыру керек. Көп жағдайда алимент алушы аналар әкесіне баласын көрсетпей, бала үшін келісімге келіп, ортақ бір шешім таппай, бала тәрбиесіне атсалысуына қатыстырмай, тек сот орындаушылар арқылы байланысқа келіп, қорғаушы ретінде пайдаланғысы келіп, біржақты жасағысы келеді. Осы келіспеушіліктің салдарынан алимент бойынша берешектер пайда болып, алимент төлеушілер өз тұратын мекенжайынан қашып, жұмысын жиі өзгертіп, еш хабарсыз кетеді. Бұл дұрыс емес. Қандай жағдай болса да, бала кәмелеттік жасқа толғанша қолдау көрсетіп, баланың психологиясының бұзылуына жол бермеу – ата-ананың міндеті. Жалпы екі жақтың біреуі сотқа алимент өндіру туралы талап арыз берген соң, сотта қаралып, соттың шешімі шығып, заңды күшіне енген соң, сот шешімі сол аймақтың Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы арқылы, жеке сот орындаушыларға келіп түсіп, өндірістеріне орындауға алынады. Әрі қарай заңдылығына сай әрекеттер жүргізіледі.

Жалпы жеке сот орындаушы дегеніміз кім? Міне, осыны көптеген азаматтар толық түсінбей, коллектор, қорғаушы, нотариус тағы басқа мамандармен шатастырып жатады.

Сот орындаушысы – сотпен бекітіліп, нотариалды органдардың атқарушылық жазбасы заңмен қарастырылған жағдайда төрелік соттардың шешімі негізінде, мүлікті өндіріп алу, бітімгершілік келісім бөлігіндегі қылмыстық істер бойынша соттардың шешімдерін, ұйғаруларын және қаулыларын мәжбүрлеу түрінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға.

Жеке сот орындаушылар теке қана осы өндіру мақсатында жұмыс атқарады. Олардың әрбір әрекеттері заңмен бекітіліп, құқықтары заңмен қорғалады. Алайда жұмыс барысында көптеген қиындықтар, түсінбеушіліктер кездесіп жатады. Бұның басты себебі – азаматтардың өз міндеттерін, берешектерін, заңбұзушылықтарын мойындағысы келмейтіндігі. Сол себепті өз табыстарын, дүние -мүліктерін жасырып, көрсетілген мекенжайда тұрмауы, жауапкершіліктен қашып жүруі, ұялы телефондарының нөмірін жиі ауыстырып, тіркелмеуі, белгілі тұрақты жұмысының жоқтығы, сот орындаушының жұмыссыздыққа берген жолдамасына немқұрайлы қарауы ары қарай жұмыс істеуге қиындықтар тудырады.

Алимент бойынша келсек, осы көрсетілген жағдайлар, алимент төлеушілердің алимент бойынша қарызын көбейтіп, балалардың құқығын шектейді. Себебі, тұрақты жұмысы жоқ, жұмыссыз алимент төлеушілерге заңдылығына сәйкес, үш ай сайын тоқсанына бір рет Республика бойынша орташа айлық табыстан қарыз есептеледі. Осының нәтижесінде мойнына миллиондап қарыз іліп қашып жүрген борышкерлер бұл соманың алимент бойынша берешегі қайдан келгенін білмей, жеке сот орындаушыларды кінәлап, заңсыз әрекеттер жасап жатады. 

Еліміздің болашағы балалардың құқығы Үкіметтің басты назарында. Осыған орай облысымыздың Прокуратурасы, Әділет басқармасы, ІІБ, психологтар, Жұмыспен қамту орталықтары, басқада мамандар Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасымен тығыз байланыста. «Әкесінің балаға қамқорлығы», «Проблемалық алименттердің санын төмендету жолы» т.б. тақырыптарда акциялар, дөңгелек үстелдер өткізіп отырады. Осындай атқарылып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде көптеген әкелер өз қателіктерін түсініп, отбасына оралып, қарыздарын өтеген жағдайлар да кездеседі.

Бұл – Абай облыстық Жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының басшысы М.Есенбаев бастаған жеке сот орындаушылардың осы еліміздің болашағы – балалардың құқын, мақсатын қорғау мақсатында жүргізіп жатқан сапалы және тиянақты жұмыстарының нәтижесі.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – «Алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ» екенін ұмытпайық.

Адам өмірінің сапалы болуы немесе баянсыз қорлықпен өтуі өзіне тікелей байланысты екенін сезініп, заңдылықты сақтайық.

«Жасында көргені жоқтың өскенде айтары да жоқ» деген – Ғабиден Мұстафин атамыз.

Сіздің балаңыз еліміздің болашағы, салиқалы, жанашыр ертеңі екенін ұмытпаңыз.

Абай облысы Жеке сот орындаушылар 

Өңірлік палатасы

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
12.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 61
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 48
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 138
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 121
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 533
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 502
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 523
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 520
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 514
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 531
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9766
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9139
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12375
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10142
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11352