Ташкент облысында “Достық” фестивалі жоғары деңгейде өтті

Ташкент облысында “Достық” фестивалі жоғары деңгейде өтті

Ташкент облысының орталығы Нурафшон қаласындағы орталық амфитеатрда Өзбекстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына және 30 шілде – Халықтар достығы күніне орай “Біртұтас Отан, біртұтас халық болып, жаңа өмір мен болашақты бірге құрамыз!” ұранымен “Достық” фестивалінің облыстық кезеңі салтанатты түрде өтті.

Іс-шараға Ташкент облысының барлық қала-аудандарынан келген тұрғындар, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері, еңбек ардагерлері, жастар, еріктілер, өнер қайраткерлері және жұртшылық қатысты.

Фестиваль “Тәуелсіздік шеруімен” басталды. Шеруге ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері мен жастар қатысып, мемлекеттік туды көкке көтеріп, елдегі достық, ынтымақ және отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеді.

Амфитеатрдағы мерекелік бағдарламада ұлттық мәдени орталықтардың ән-би қойылымдары, әдеби-көркем композициялар, халықтық қолданбалы өнер мен қолөнер көрмелері, сондай-ақ ұлттық тағамдардың таныстырылымдары ұйымдастырылды. Әртүрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрі бір сахнада тоғысып, елдегі ұлтаралық татулық пен өзара құрметтің жарқын көрінісін көрсетті.

Фестивальге Ташкент облыстық Қазақ ұлттық мәдени орталығы да белсенді қатысты. Орталық өкілдері қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, ұлттық өнерді көпшілікке ұсынды. Сонымен қатар аталмыш орталық ана тілін, ұлттық мәдениетті сақтауға және Қазақстан мен Өзбекстан халықтары арасындағы достық байланыстарды дамытуға өз үлестерін қосып келеді.

Іс-шара соңында түрлі номинациялар бойынша белсенді қатысушылар мен ұлттық мәдени орталықтар марапатталды. Солардың арасында Қазақ ұлттыұ мәлени орталығы да бар. 

“Достық” фестивалі Өзбекстандағы бейбітшілік пен қоғамдық келісімді, ұлтаралық татулық пен халықтар арасындағы өзара сыйластықты нығайтуға бағытталған маңызды мәдени іс-шаралардың бірі ретінде өтті. Көпұлтты елде мұндай бастамалар әр этностың өз мәдениетін таныстыруына, ортақ құндылықтарды дәріптеуіне және сақтауына мүмкіндік береді.

Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы
29.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26866
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26309
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43686
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39466
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44065