Татар конгресі және Татарстан тағдыры

Татар конгресі және Татарстан тағдыры

Татарстан астанасы Қазан қаласында 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Дүниежүзілік татар конгресінің VIII құрылтайы болып өтті. Құрылғанына 30 жыл толған мерейтой қарсаңына орайластырылған бұл жиынға әлемнің 45 елінде тұрып жатқан татар ұлтының өкілдерінен 500 қонақ шақырылған екен. Татарстан сайттарындағы мәліметтерде «кезекті құрылтайға әлемнің 30-дан астамелінен келген қонақтарды қосқанда жалпы 1500 адам қатысты» деп жазып жатыр. Олардың қатарында Ресей Федерациясының 76 аймағынан, Орталық Азия елдерінен, Германия, Франция, Ауғанстан, Балтық жағалауы елдерінің өкілдері бар. Құрылтайға шақырылған 45 елдің арасында АҚШ, Канада татарлары бастаған 10 елдің өкілдері халықарадағы шиеленісті жағдайларға байланысты құрылтайға қатынасудан бас тартыпты.

«Дүниежүзілік татар конгресі» (Бөтендөнья татар конгрессы) әлемдегі татарлардың басын біріктіруді мақсат ететін қоғамдық ұйым. Ол 1992 жылы маусымда Татарстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. Әрі осы жылы Дүниежүзілік татар конгресінің 1-ші съезі өтеді. Бұл жиналыста ДТК-ны құру, оның атқару комитетін ұйымдастырыу сынды мәселелер қаралады. 1998 жылы ДТК ресми түрде РФ Әділет министрлігі жағынан тіркеліп, «Дүниежүзілік татар конгресі» қоғамдық бірлестіктердің халықаралық одағы мәртебесін алады. Қазірге дейін 8 рет құрылтай өткізген бұл ұйымға Татарстан және алыс-жақын шетелдердегі 458 ұлттық-мәдени ұйымды өз ішіне біріктіреді екен. Жалпы Татарстан мен Ресейден 311 татар ұйымы, әлемнің 45 еліндегі 147 татар ұйымымен ынтымақтастық орнатқан.

 

Құрылтайда қаралған мәселелер

«Бөтендөнья татар конгрессының» сайтындағы ақпараттарға қарағанда кезекті құрытайда Татарстан дербестігі секілді маңызды мәселелер күнтәртібіне қойылмаған сияқты. Құрылтайға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғылым, білім, спорт және өнер саласының адамдары, мемлекеттік ведомстволар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, ірі кәсіпорындардың басшылары мен меценаттар қатысқан.

Кезекті құрылтайда: «Еділ Болгариясында исламның қабылданғанына 1100 жыл», «Татар әлемі және ислам», «Ұлттық мұра», «Татар мәдениеті: бүгіні мен болашағы», «Ұлттық болмыстың қалыптасуындағы шежіренің маңызы», «Отбасы, балабақша және білім беру жүйесінің рөлі», «Татар кәсіпкерлігі және демеушілік», «Тарихи тұлғалар және қазіргі татар мемлекет қайраткерлері: ұлттық мақтаныш сезімін көтеру мәселелері», «Татар өлке тарихы мен татар тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мәселелері», «Татар деректер өрісі: алда тұрған міндеттер» қатарлы мәселелер талқыға салынған.

Жалпы Татарстан тақырыбына үңілер болсақ, мемлекеттің дербестігі сынды аса маңызды мәселеден бұрын татар тілінің өрісі күн сайын тарылып бара жатқандығын байқауға болар еді. Шындығын айтқанда ана тілінде білім беретін мектептердің көбеюі, іс қағаздары мен татар тілді аудиторияның кеңеюі сынды мәселелерге Мәскеу жыл өткен сайын немқұрайлы қарауға көшті. Қазір бұл тақырыптар татар ұлтшылдарының жүрегін сыздататын шетін мәселелердің қатарына жатады. Оның себептері де алуан түрлі. Жалпы Ресей федерациясының құрамындағы 22 республиканың ішінде Татарстанның алар орны ерекше. Географисы, өнеркәсібі секілді көптеген маңызды факторлары жағынан қарастырғанда, бұл аймақты орыстар қолдан шығара қоймайды дейді саясаттанушылар. Ең қиын тиетіні Республикадағы 4 миллион халықтың (2021 жылғы мәлімет)  50 пайыздан сәл ғана асатын бөлігі татар ұлтын құрайды екен. Бұлардың ішінде ассимиляцияланғандары да шоқынғандары да едауір. Бейресми бір деректерде елдегі татарлардың 10-15 пайызы шоқынған татарлар деседі. Ең өкінішті жері кейбір ұлттық мәселелерге келгенде мұсылмандар мен християн татарлар арасында ауызбіршілікке келу қиынға түседі екен. Осы секілді «мың бір» түйткілдер жиналып келіп Татарстанның Ресейден тәуелсіздік алып шығуы сынды аса маңызды мәселені үнемі кері тарытп келе жатыр.

 

Татар конгресі және маңызы артқан Мәскеу мүддесі

Тәуелсіз татар басылымдары кезекті құрылтай қарсаңында 30 жыл ішінде өткен 7 реткі құрылтайда талқыланған мәселелерді тізбелей келіп, Татар конгресінің 30 жыл ішінде қалай өзгергендігіне тоқталған. 

Съезд құрылған 1992 жылы Конгресс делегаттары бейбітшілікті сақтауға және жер бетіндегі бауырластықты ілгерілетуге және Халықаралық құқық пен адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының ережелерін ұстануға ниет білдірген. Сол тұста Татар конгресінде Біріккен Ұлттар Ұйымынан Татарстанның мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігін тануды сұрау туралы ұсыныстар ортаға салынған екен.

2017 жылы мұндай маңызды тақырыптар талқыға түспеген. Себебі Бірінші және екінші татар съездерінің мәжілістері Кеңес одағы енді ғана ыдыраған және Ресейдегі түрлі саяси өзгерістер кезінде өткендіктен Татарстанның егемендігі туралы тақырыптар көбірек айтылған дейді саясаттанушылар. Ресми түрде қабылданған құжаттарда Татарстан татар мемлекеттілігін қалпына келтірудің көрінісі ретінде бағаланады. Сонымен қоса алғашқы құрылтайдағы Конгресс құжаттарында ұлттық тәрбиені дамыту, балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін татар тілінде дәйекті білім беру жүйесін құру көрініс тапты. Сонымен қатар, Ұлттық университет құрып, латын графикасына көшу мәселесі де талқыға түскен. Мақсат ретінде, 2000 жылға қарай Татар мемлекеттік университетін құру, Татар ұлттық тәрбиесін дамыту қажеттігі алға қойылады. Сондай-ақ татар тілін латын графикасына көшіру туралы ұсыныстар қолдау табады.

Сонымен қатар 1997 жыллғы құрылтайдаТатарстанның халықаралық аренаға шығуы жоғары бағаланып, Татарстанның Ресеймен, ТМД елдерімен және басқа да шет елдермен қарым-қатынасын нығайтып, дамытуы қажет екені айтылады.

Ал 2012 жылғы жиналыстарда Татарстан мен татар халқының халықаралық саладағы орны бөлек айтылмаған. Тек татарлардың Башқұртстанмен, басқа ұлттардың ұлттық мәдени ұйымдарымен, Татарстан халықтарының ассамблеясымен ғана қарым-қатынасты дамыту қажеттігі сөз етілген екен. 2017 жылғы ресми баяндамаларда Шет елдермен қарым-қатынас толығымен Ресейдің бақылауындаболатындығы айтылып, Ресейдің сыртқы саясаты көбірек дәріптелген.

Әлемдегі барлық татарлардың басын қосып, ұлттық мәселелерді ашық талқыға салатын маңызды ұйым ретінде қалыптасып келе жатқан конгрестің жұмысы 2000-жылдардан кейін біртіндеп саяси бағытын әлсірете бастайды. Бұған дәлел ретінде кейінгі құрылтайларда қарастырылған мәселелердің қатарында «Татарстан егемендігі» туралы ешбір жерде айтылмаған екен. 2012 жылғы құрылтайда Татарстанның егемендігі туралы референдум федералды орталықпен тұрақты қарым-қатынас орнатудың негізгі факторы ретінде аталды. Есесіне Федералдық орталықпен және басқа аймақтармен жасалған келісімдердің маңыздылығы, федералдық қатынастарды сақтау және дамыту қажеттілігі көбірек айтылады.

Дегенмен 2012 жылы шақырылған құрылтайында ұлттық білім беру саласына әсер етіп жатқан федералды орталықтың қысымы ашық сөз етіліпті. Құрылтай соңында қабылданған Қаулыда ұлттық тәрбиеге үлкен орын беріліп, Ресейде бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқан білім беру реформалары ана тілінде білім алу құқығын жойғаны анық айтылған. Құжатта ұлттық білім беру жүйесін қорғау және татар тілінен бірыңғай мемлекеттік емтиханды тапсыру мүмкіндігін жасаутатар тілін қашықтан оқытумәселесі, мектептердегі татар тілін оқытудың жай-күйін зерттеп, бақылау қажет деген пікірлер енгізілген екен. 

2017 жылы Дүниежүзілік татар конгресі тарихында алғаш рет 75 адамнан тұратын Ұлттық кеңес құрылды. Ұлттық кеңестің төрағасы болып Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Василь Шайхразьев сайланды. 2018 жылы ДТК-ның 7-ші кезектен тыс конгресі өтті. Күн тәртібінде Дүниежүзілік татар құрылтайының жарғысына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бұдан бөлек Ресей басшылығының «халықаралық аренада елдің мүдделерін қорғау курсы», Ресей халқын қорғау және дамыту жөніндегі бағдарламалық шаралары қолдау табады.Татарстан мен Ресей арасындағы шарттың маңыздылығы көбірек айтылыпты. (шарт 2017 жылы аяқталды) Бұл жолы,Мемлекеттік кеңестің Татарстан президенті атағын сақтау туралы үндеуі қолдау табады. Татарлардың ана тілінде білім алу құқығы ескертіліп, оқушылардың татар тілінде Бірыңғай тест тапсыру мүмкіндігі, студенттердің ана тілін меңгеру құқығы айтылады. Қаулыда Татарстан мектептерінде татар тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту туралы айтылмаған. Өйткені 2017 жылы Путиннің өтініші бойынша «татар тілі өз еркімен оқытылатын тіл» болып белгіленеді.

Бірінші татар съездерінде Татарстаннан тыс жерде тұратын татарларды ұйымның бақылауына алудың және оларға жан-жақты қолдау көрсету, рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудің маңыздылығы айтылды. Әрі «Бұл ұйым барлық татарлардың этникалық-аймақтық мүдделерін қорғайды» делінген. Соңғы съезд отырыстарында шетелдегі татарлармен байланысты жұмыстарды Ресейдің-«Россотрудничество» және «Росзарубежцентр» сияқты ұйымдары арқылы жүргізілетіндігі айтылады. Сонымен қоса дүниедүзіндегі татарлар үшін «Татар елі», «Ана тілі», «Татар әдебиеті орталығы» сайты мен TNV-Planet арнасын ашады.

Кезекті құрылтай қарсаңында пікір білдірген тәуелсіз сарапшылар бұл Конгрестің бұрынғы деңгейіне жете алмай қалғандығын сынға алыпты. Олардың сөзіне қарағанда Дүниежүзілік татар Конгресі толығымен Мәскеудің бақылауына өткен. Оның үстіне Татарстан Республикасының маңызды саяси ұйымдарының да әлеуеті жыл өткен сайын әлсіреп барады дейді. Оған мысал ретінде Федаралды Үкіметпен арадағы шарттың қағаз жүзінде ғана қалуы, Президент атауының алынып тасталуы, Татар тілінің «өз еркімен оқытылатын тіл қатарына енуі» секілді өзгерістер айталған.

P.S Татарстан Республикасының тағдыры сын сағаттарға тура келгендей. Оның негізгі себептерінің арасында- Республикадағы татар ұлтының үлес салмағының аздығы, діни біртұтастықтың болмауы, татар тілінің қанат жая алмауы секілді маңызды себептері бар. Татарстан РФ-ның құрамындағы автономиялық Республика деңгейіндегі мемлекет болғандықтан шетелдермен тең дәрежелі дипломатиялық қатынастар орнатуға мүмкіндігі шектеулі ел саналады. Сондықтан Түрік кеңесі сынды халықаралық ұйымдар өз жарғыларына сәйкес, Татарстанды өз қатарларына қоса алмайды. Бұл да өз кезегінде егемендікке деген талпынысқа тұсау екені сөзсіз.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 130
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 63
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 58
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 43
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 463
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 430
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 455
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 444
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 444
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 461
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 450
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 644

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9685
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9064
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12298
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10069
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11278