Татарстан Украинадағы соғысқа 2,5 миллиард рубль жұмсады

Татарстан Украинадағы соғысқа 2,5 миллиард рубль жұмсады

Қаңтардың 23-і күні Татарстанда Ішкі істер министрлігі мен Татарстан Бас прокуратурасының бірлескен отырысы өтті. Бұл дәстүрлі жиналысқа ел Президенті Рүстем Миңнеханов та қатысып, сөз сөйледі. Президент сөзінде күштік құрлым өкілдерін Татарстан аумағында наразылық білдірушілер, ұлтшылдар мен экстремистерге қарсы күресуге үндеді. Сондай-ақ елдегі әлеуметтік-саяси жағдайларды қарсылық шараларымен байланыстырмауға шақырды.

«Дос емес елдер Ресейдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық және қылмыстық жағдайды түрлі жолдармен қиындатуға тырысуда. Операциялық жағдай нашарлап кетпеуі үшін барлық ұйымдармен тиісті шараларды жүзеге асыру маңызды. Татарстанда қоғамдық тәртіпті сақтау және алдын алу «Арнайы әскери операция» жүргізуге қарсы наразы топтардың әрекеттерін еркіне жібермеу керек», – деді ол.

Татарстанда соңғы бір жылдан бері наразылық шерулеріне, соғысқа қарсы пикетке тыйым салды. Бақылаудың күшейгені соншалық – жалғыз пикетке шыққан белсенділердің өзін әкімшілік жауапкершілікке тартып жатыр. Тіпті соғыстан тыс тақырыптарда да үкімет қала орталығында көшеде топ болып жиналуға рұқсат бермейді.

«https://www.azatliq.org» сайтының татар тілі қызметі таратқан мәліметте бұл жиналыста экстремизмге қарсы тұру мен соғыс тақырыбы көбірек сөз етілді дейді. «Экстремистік идеологияның таралуы қауіптің негізгі себебі болып саналады. Ең алдымен, жастарды бұдан қорғау керек. Татарстандағы жағдайды ушықтыруды көздейтін экстремистер мен радикалдардың жолын кесу өте маңызды. Қоғамға қауіп төндіретін ксенофобияны, ұлтшылдықты, діни араздықты қоздыратын барлық жағдайларға қарсы тұру керек. Интернет желісінде Ресей армиясы мен мемлекеттік ұйымдарының беделін түсіруге бағытталған жалған ақпараттың таралуына қатаң қарсы тұру керек. Республикада заңдылық пен тәртіпті тұрақсыздандыруға, тыныштықты бұзуға, сондай-ақ экстремистік әрекеттерге шақыруға жол бермеу керек», – деді президент.

Миңнеханов бұдан бөлек Татарстан аумағында жасырынатын орындарды дайындауды бақылауды бұйырды. «Ол бұл мәселені бірінші рет көтеріп отырған жоқ. Өткен аптада президент Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен жиында баспаналарды тез арада дайындауды тапсырған», – дейді тәуелсіз татар сайттары. Миңнехановтың айтуынша, қазір республикада мұндай 1091 орын бар екен. Бүгінде олардың 673-і ғана халықты қабылдауға дайын. Ал 418 жасырыну орны дайын емес көрінеді.

Миңнехановтың келесі бір кездесуі Мәскеуде өткен. 23 қаңтар күні «http://kremlin.ru/» сайтында Рүстем Миңнеханов пен Путиннің кездескендігі жайлы ақпарат таралды. Путиннің алдында есеп берген татар басшысы Украинада жүргізіліп жатқан «әскери операцияны» қолдауға Татарстан қазынасынан 2,5 миллиард рубль жұмсалғандығын айтыпты. Бұл қаражат, соның ішінде Украинадан тұтқынға алынғандарға, Татарстанның бақылауындағы Лысычанскийге таратылған. «Татарстаннан бұл қимылдарға «Алға», «Темір» батальондары қатысып жатыр. Бізде алты батыр бар, оның үшеуі қаза тапты. Татарстанның 52 ер адамы «Ерлігі үшін» орденімен марапатталды», – депті Миңнеханов.

Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан өзге автономиялы аймақтармен салыстырғанда Мәскеу үшін аса маңызды жер саналады. Өкінішке қарай, Т а - тар - с т а н д а ж ы л д а р өткен сайын ассимил я ц и я л а н у қарқын алып келе жатыр. Бейресми деректер бойынша республика аумағында мекендейтін 4 миллионнан астам татардың 20-30 пайызы ғана ана тілдерінде сөйлей алады екен. Ұлттық мектептер негізінен жабылып қалған бұл елде татар тілі пәнінің оқытылу деңгейі де көңіл көншітпейді дейді сарапшылар.

Былтырдан бері Ресейдің Украинаға жасаған шапқыншылық әрекеттеріне қарсы наразылықтарын білдірген азаматтар жаппай жауапкершілікке тартылған. Бұл мәселеде татар билігі Мәскеудің ұстанымын барынша қолдайтындығын көрсетіп келеді. 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 18
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 7
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 13
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8943
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8335
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11563
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9321
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10547