Тәуелсіздігіміздің төл құрдасы

Тәуелсіздігіміздің төл құрдасы

Қазір қоғам арасында беделі артып, оқырманның сүйіп оқитын басылымының біріне айналған «Qazaqstan dauiri» (Қазақстан – Zaman) газеті Қазақстан Тәуелсіздігінің төл құрдасы саналады. Өйткені ол Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 17 қаңтарда ашылған-ды. Аталған газет сол тұста Қазақстанда ашылған тұңғыш шетелдік еларалық еркін басылым болды. Содан бергі уақыт кеңістігінде біздің басылым түркі руханиятын көтеруге және осы елдің байырғы халқы – қазақ ұлтының сөзін сөйлеп, қазақ мүддесіне қызмет ету жолынан айныған емес. Қазақстан мен Түркияның арасындағы екiжақты ресми байланыстың орнағанына да биыл 30 жыл толды.

1992 жылы жарық көрген басылымның ең алғашқы санында «Қаламгер ой толғайды» айдарымен Әбіш Кекілбайдың «Ту тұғыры берік болсын десек...» атты материалы басылып, онда жазушы ұзақ ғасырлар бойы қазақ халқы аңсап келіп, енді ғана қол жеткізген тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеп, ұлт шаңырағын биіктетудің мүдде-мұддағасы жайында басқаларға ой салар толғамдарын ортаға салған. 1992 жылы шыққан газеттерде осы айдармен Кәкімбек Салықовтың «Экология, экономика, саясат» атты мақаласы сияқты тағы да бірнеше өзекті мәселелер қозғалған. Басылымның алғашқы жылғы сандарында негізінен Түркия мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік саладағы екіжақты қарым-қатынасты дамытып, нығайтуға айырықша көңіл бөлініп отырғаны көзге бірден шалынады. Мысалы, газеттің алғашқы санында «Дұғай сәлем!» айдарымен Ислам Жеменейдің «Аңсап жүрген ағайын бар», Халифа Алтайдың «Алладан халқыма нұр жаусын» деген мақаласынан бастап әрі қарай да «Америкадағы ағайынның ақ тілегі», Мұртаза Жүнісұлының «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», Сәбит Дүйсенбиевтің «Қолыңды соз, ағайын», – дейді бауырлар, т.б. осы сынды материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрыпты. Газеттің екінші бір тұрақты айдары – «Көп сыр бүккен көне тарихтан». Осы айдармен берілген материалдар саны да жетерлік. Мәселен, К.Назыхановтың «Жент шаһары», Қ.Салғараұлының «Бұмын қаған», Ш.Кетенің «Жетіасар – түркілердің ежелгі мекені» мақаласын, бұдан басқа «Жошы хан», «Тұран-Иран ежелден туыс елміз!», «Құпия шежіре мен түркі шежірелері жайында» сынды материалдарды соған жатқызуға болады. Жиі болмаса да ара-тұра «Қазақстанның қадірменді қонағы» (Түркия Республикасының Премьер-министрі Сүлеймен Демирелдің сапарлап келуіне орай), «Құлаққағыс жасайды», «Көршілерге көз салсақ» («Түркия мен Түркімения дәнекерлері» мақаласы), «Елдестірмек елшіден» «Депутаттар құлағына алтын сырға» т.б. осындай айдарлар да газет жүгін көтергені кәміл. 1992 жылдың ең үздік мақаласы – «Қазақстан Азия жолбарысы бола ала ма?» (Авторы – Ш.Құттаяқов).

 

Ермек САХАРИЕВ, Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779