Тәуелсіздік тұғыры орнаған 30 жылда Маңғыстауда балабақшалар саны 3 есе артты

            Тәуелсіздік тұғыры орнаған 30 жылда Маңғыстауда балабақшалар саны 3 есе артты

         Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау облысының білім саласында бірқатар жоба кезең-кезеңмен сәтті іске асырылып, оң бағыттағы елеулі өзгерістерге қол жеткізілді. 30 жылда өңірде 218 балабақша, 101 мектеп, 17 колледж ашылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.   

         Маңғыстау облысында мектепке дейінгі білім беру мекемесінің саны 3 есеге артты. 1991 жылы өңірде 113 балабақша жұмыс істесе, 2021 жылға қарай олардың саны 331-ге жетті. Бүгінде өңірде 3 пен 6 жас арасындағы балаларды балабақшамен қамту 100 пайызды құрап отыр. 

 

         Өткен ғасырдың 90-шы жылдары облыста 86-мектеп жұмыс істесе, егемендік алған 30 жылда білім нысандарының саны 2 есе артып,  жаңадан 171 мектеп ашылды.  Жуырда қабылданған Маңғыстау облысын дамыту кешенді жоспары аясында алдағы 5 жылда 35 білім беру нысаны салынады. Биылдың өзінде 2 мемлекеттік, 5 жекеменшік мектеп ашылды.

 

         1991 жылмен салыстырғанда кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде де оң өзгерістер бар. 1991 жылы облыста 10 колледж болса, Тәуелсіздіктің 30 жылында оның саны 3 есе артып, бүгінде 27-ні құрап отыр. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер саны да 3 есе көбейген.

 

         Өңірдің даму қажеттілігіне орай туризм, ақпараттық технологиялар, халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек ететін бірнеше жаңа мамандықтар ашылды. Бүгінде сол мамандықты игергендер экономиканың түрлі саласында табысты еңбек етіп, елдің дамуына өз үлестерін қосуда.

            Білім беру нысандарының көбеюіне мемлекеттік-жекеменшіктік институттың дамуы мен бизнес сектор инвестициясының ықпалы зор.

 

-Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда, өңірдегі мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны 3,5 есеге артты. Бүгінгі таңда барлық оқушының 77%-ы мемлекеттік тілде білім алады. Сонымен қатар, соңғы үш жылда «Алтын белгі» иегерлері 30%-ға, үздік аттестат иегерлері 40 %-ға көбейді. Өңірге қажетті мамандар дайындау мақсатында 2018 жылдан бері 25 мамандық түрі бойынша 485 студентке, 40 магистрантқа облыс әкімінің оқу гранты берілді. Негізінен денсаулық сақтау, білім беру және ауылшаруашылығы мамандықтарына басымдық беріліп отыр. Аталған оқу грантының саны жыл сайын артып отыр,- деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Светлана Төлебаева.

03.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 86
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 94
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 329
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 554
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 501

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9205
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8602
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11829
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9599
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10813