«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясына орай Сауран ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Жалпы 150-ге жуық адам қатысқан тазалық шарасында Сауран қалашығының маңы күл-қоқыстан тазартылып, арам-шөптер орылды. Сенбілікке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және арнайы БАҚ өкілдері мен жастар қатысты.
Шығармашылық топ өкілдері 1-10 тамыз аралығында Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырай облыстарына сапарға шығып, елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын кеңінен насихаттау арқылы өңірлердегі тарихи-мәдени, туризм бағытындағы көрікті орындардың тазалығына атсалысады. Аталған игі шараға мұрындық болған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» ТРК бас директоры Дулат Әбіштің айтуынша, 14 адамнан құралған делегацияда өңірдің жергілікті журналистері бар.
Облыс әкімінің орынбасары барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырды. Игі бастаманы қолға алған БАҚ өкілдеріне ризашылығын айтып, сәтті сапар тіледі. Сондай-ақ, Сауран қалашығының ішкі бөлігін тазалау барысында облыс әкімінің орынбасары тарихи нысанды қалпында ұстап қалу үшін жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
Айта кетейік, елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Акция басталғалы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
01.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

МОМАҚАН ЕМЕС,  МІНЕЗДІ  ПАРЛАМЕНТ КЕРЕК
Гүлмария БАРМАНБЕКОВА - 29.01.2026 319
ЛОНДОНДАҒЫ  КӨРМЕГЕ ҚАТЫСҚАН УНИВЕРСИТЕТ
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы (облыс әкімдігінің баспасөз қызметі материалдары бойынша әзірленді) - 29.01.2026 264
Қытай халқы азайып барады
ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ - 29.01.2026 334

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23014
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22766
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38769
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36307
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40392