Т.Бауржанұлы: Газдағы ақауды толықтай ретке келтіреміз

Т.Бауржанұлы: Газдағы ақауды толықтай ретке келтіреміз

Солтүстік-батыстан соққан қатты желдің салдарынан аудандағы электр желісінің үзілуімен қатар газ құбырының істен шығуы орын алуда.

Екпіні 28 м/с болатын желдің ұйытқуынан орын алған келеңсіздіктерді жою мақсатында аудан әкімі Сәкен Арубаевтың басшылығымен шұғыл жұмысшы топ құрылып, елді мекендерде зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі мәліметке сәйкес, 10-ға жуық жарықсыз отқан ауылдарға сала қызметкерлері жөнелтілген. Сондай-ақ бірқатар ауылдағы газ құбыры істен шыққан.

 "КазТрансГазАймак" АҚ Жамбыл газ шаруашылыгынын директоры Тимур Бауржанұлы газ желісіндегі ақауларды ретке келтіру жұмыстарын бүгін аяқталатынын жеткізді.

 – 20 қызметкерден құралған 5 жұмысшы топ ауылдарға жөнелтілді. 

Қазір Новоджамбульск, Шоқай  саяжайындағы 4 газ құбыры ретке келтіріп, тұрғындарға "көгілдір отынды" қолданысқа бердік. Қазір қосымша жасақ, басқа да ауылдарда жүр. Бұдан бөлек газсыз отырған 26 абоненттің үйлеріне баратын боламыз, - дейді ол.

Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметкерлері мен "Аса-су" мекемесі тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5508
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5659
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20629
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19258
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22722