Теміртаулық кәсіпкер саңырауқұлақ өсіретін отбасылық кәсіп ашты

Теміртаулық кәсіпкер саңырауқұлақ өсіретін отбасылық кәсіп ашты

Саңырауқұлақ өсіруші Тілеген Хайрол Теміртау қаласы әкімінің грантына ие болып, шампиньон өсіретін ферма ашты. 32 жастағы кәсіпкер бастапқыда өзінің табысына сеніп, шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына қатысуға шешім қабылдады.

Ауыл шаруашылығын дамыту басым бағыт болып табылады. Саңырауқұлақ фермасын дамыту идеясына гранттарды бөлу жөніндегі комиссия оң баға берді.

– Бұрыннан бизнеспен айналысқым келді, бірақ қаражат қажет болды, – дейді Тілеген Хайрол. – Саңырауқұлақтар өсіруге қызығушылық таныттым. Интернеттегі көптеген мақалаларды зерделеп, Қарағанды мен Теміртау нарығын зерттедім. Бизнес-жобаны жасаған кезде, бұл тиімді бизнес екені белгілі болды. Өтеу мерзімі өте қысқа. Миллион теңгеге грантты осындай қасиеттерге байланысты ұтып алдым деп ойлаймын. Қаражат тек жабдыққа жеткілікті болды. Жұмысыма жұбайым Римгул көмектеседі. Біздің бизнесіміз отбасылық.

Кәсіпкер шампиньондар өсіреді. Оның айтуынша, бұл өте күрделі саңырауқұлақ. Интернеттегі ақпарат, әрине, пайдалы болды, бірақ Тула саңырауқұлақ компаниясының қызметкерлері көбірек көмектесті. Тілеген Хайрол Тулаға барып, өз көзімен саңырауқұлақ өндірісін көріп, оқу курстарынан өтті.

– Алматыда аграрлық саланың көрмесі өткен кезде, ол шараға Туладағы компания өкілдері қатысқан болатын. Содан кейін олар маған келді. Технологиялық процесті реттеуге, Ресейден шикізат табуға көмектесті. Олар нөлден бастап алғашқы өнім алуға дейін қолдау көрсетті деп айта аламын, –  дейді кәсіпкер.

Жалға алынған үй-жайда Тілеген Хайрол бес тонна саңырауқұлақ отырғызды. Алғашқы өнім 33 күннен кейін жиналды. Тәжірибелі кәсіпқойлардың өзі теміртаулық бизнесменге аз уақыт қажет болғанына таң қалды. Әдетте саңырауқұлақтар 45 күн өседі. Сатуға келетін болсақ, өнімдерді көкөніс павильондары, мейрамханалар мен кафелер қабылдайды.

Алғашқы айналымнан түскен қаражатқа саңырауқұлақ өсіруші екінші камераны 10 тоннаға жабдықтамақшы. Екі камераның жобалық қуаты жылына 20 тонна шампиньонды құрайды.

Жомарт Шаймұрат
01.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 53
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 526
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 478

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9181
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8580
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11808
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9577
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10788