Теннис: Дэвис кубогінің іріктеу матчына кімдер барады?

Теннис: Дэвис кубогінің іріктеу матчына кімдер барады?

Қазақстан теннис федерациясы: «Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы 4-5 ақпанда сырт алаңда Чилимен Дэвис кубогінің іріктеу матчын өткізеді. Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы құрамаға қатысатын ойыншыларды анықтады. Ел намысын мына теннисшілер қорғайды: Александр Бублик (ATP рейтингісінде 36-орында), Тимофей Скатов (124, ATP), Михаил Кукушкин (195, ATP), Андрей Голубев (49, ATP жұптық рейтингісі), Александр Недовесов (55, ATP жұптық рейтингісі). Матч Ла-Серена қаласында өтеді. Дэвис кубогінің іріктеу матчтары үш сеттік төрт жекелей және бір жұптық бәсекеден тұрады. Үздік шыққан 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға өткен жылғы кубоктің финалистері Канада мен Аустралия, сондай-ақ wild card (арнайы шақырту) алған Италия мен Испания құрамалары қосылады. Бас бапкер Ю.Щукин: «Қарсыластар хард маусымы кезінде неге топырақ төсенішін таңдады? Өйткені Чили командасының барлық ойыншылары осы топырақ төсенішінде жақсы өнер көрсетеді. Сондықтан бұл олар үшін өте тиімді», – дейді. 

Ермек Сахариев
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1098
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7144
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10996
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7208
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7353