Теннис: Қазақстан чемпионы 14-ақ жаста!

Теннис:  Қазақстан чемпионы 14-ақ жаста!

Қазақстан теннис федерациясы: «Елордада теннистен Қазақстанның қысқы чемпионаты мәресіне жетіп, 14 жасар теннисші ересектер арасында ел чемпионы атанды.  Әйелдер арасында астаналықтар – 15-тегі Альбина Кәкенова мен одан бір жас кіші Ариана Гогулина бас жүлдені сарапқа салды. Ширек финалдан бастап Ариананың кездесулері тартысты өтіп, үш сетке созылды. Финал да солай болды. Бірінші партияда Альбина 6:4 есебімен басым түсті. Одан кейін екі сетте А. Гогулина таразы басын өзіне қарай аудара білді – 6:2, 6:2. Осылайша, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет 14 жасар спортшы ересектер арасында жеңімпаз атанды. Қола жүлде Айя Мырзақұлованы 0:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан Әдемі Аманкелдіге бұйырды.

Ерлер арасында Тимур Мәуленов өз спорттық жолында бірінші рет ел чемпионы атағына қол жеткізді. Ол финалда Арысланбек Айтқұловты жеңді – 7:5, 6:3. Қола жүлдеге Никита Сидоровты 6:4, 6:7 (8:10), 6:4 есебімен тізе бүктірген Тимур Хабибулин ие болды.

Жұптық сында мына теннисшілер жүлдеге ілікті:

Ерлер: 1. Артур Хайрутдинов – Максим Батютенко; 2. Ілияс Маратұлы – Вячеслав Кауфельд; 3. Тимур Хабибулин – Арысланбек Айтқұлов.

Әйелдер: 1. Ульяна Романова – Полина Слепцова; 2. Мария Синицына – Карина Жұмажанова;  3. Альбина Кәкенова – Айя Мырзақұлова. 

 

Ермек Сахариев
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 47
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 45
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 50
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 46

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25128
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24647
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42073
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37934
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42405