ТЕРІСКЕЙДЕН НӘСІБІН ТАПҚАН ТАТАЕВТАР

ТЕРІСКЕЙДЕН НӘСІБІН ТАПҚАН ТАТАЕВТАР

Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Шымкенттен қоныс аударған Татавтар облыс орталығында аяқ киім өндірісімен айналысады. – Қазақстанның солтүстігінде кәсіпті дөңгелетіп әкетуге мүмкіндік зор. Сол себепті көне қала – Қызылжарға көшіп келуге бел байладық. Бастапқыда жұбайым екеуміз Ресейден арнайы киім мен аяқ киім алдыртып, тауарларды сатумен айналыстық. Осы уақыт аралығында Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан тұрақты тұтынушыларымыз пайда бола бастады. Кейін «Аяқ киім өндірісімен өзіміз неге айналыспасқа?» деген ой келді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, аяқ киім өндірісін бастадық, – дейді Күләш Татаева.

Кәсіпкер 2018 жылдың қыркүйек айында «Даму» қорына жүгініп, қажетті құрал-жабдық сатып алу үшін несие рәсімдеген. – Мемлекеттік қолдаудың арқасында біз автоматтандырылған техника сатып алдық. Кәсіпті бастау үшін өз қалтамыздан да біраз қаражат жұмсағанымыз рас. 2019 жылы алғашқы қысқы аяқ киімімізді шығардық, – дейді іскер жан. Кәсіптен нәсіп тауып отырған отбасы былтыр 6 мың жұп аяқкиім тіккен. Биыл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл цехта 15 адам жұмыс істейді, орташа жалақысы – 150 мың теңге. Ісін одан әрі дамыту үшін солтүстікқазақстандық кәсіпкер тағы бір мәрте «Даму» қорына жүгініп, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша несие алған көрінеді. – Біз өнім түрлерін жыл сайын арттырып отырамыз. Бастапқыда аяқ киімнің 6 түрін шығарсақ, бүгінде бұл көрсеткіш 15-ке жетіп отыр. Ендігі кезекте өндірістік цехты кеңейтуді жоспарлаудамыз. Сонымен қатар жазғы аяқ киім шығару да ойымызда бар. Қазірдің өзінде ерлер мен әйелдер, сондай-ақ жасөспірімдердің аяқкиімдеріне арналған формаларға тапсырыс беріп қойдық. Ассортиментті 30-ға дейін көбейтпекпіз, – дейді Күләш Татаева. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттайды деген сөзді естіген жұртшылық сенбі, жексенбі күндері жаппай сауда нүктелеріне қарай ағылады. Салдарынан ығы-жығы кезек пайда болады. Мәселен, кейбір супермаркеттің сатушылары қант пен тұздың түгесілгенін хабарлап, күріш, жарма, макарон өнімдерін шектеп сатуға кіріскендерін айтады. Аузы-мұрнынан шығара азық-түлік салған екі сөмкені әзер көтеріп бара жатқан кейуананы тоқтатып, жөн сұрадық. «Әр адамға шақтап бергеннен кейін кезекке қайта-қайта тұрып, әбден шаршадым. Үйде тыныш отыр едім, астанадан қызым телефон соғып, баға күрт көтерілетінін айтқаннан кейін екі өкпемді қолыма алып, жеткен түрім ғой. Қайтейін, азын-аулақ зейнетақыға қарап отырған адамбыз. Мені қойшы, ана жерде қап-қабымен таласа-тармаса алып жатқандар бар», – дейді маңдайы жіпсіген апай іштегі шерін ақтарып. Дәл осындай көріністі бірнеше шағын дүкеннен де кездестірдік. Жұмысшы кентінен хабарласқан бір танысымыз қант, тұз, күріш өнімдерінің таусылып қалғанын қынжыла жеткізді. Жоғын орталық жақтан іздестірмекке жиналып жатқанын айтты. Азық-түлік тауарларына баға өсуінің алдын алу мәселесіне жауап беретін тиісті орындар өкілдерінің әлеуметтік желілердегі қоғамды босқа дүрліктіретін жалған ақпаратқа сенбеуге шақырған үндеулері оларға шыбын шаққан құрлы әсер етпеген тәрізді. Бұл дүрбелең алыпсатарларға қол болып тұр. Лезде бағаны бірнеше есеге көбейтіп, қалтасын қампайтып алды. Мәселен, кей дүкендерде қанттың бір килограмының бағасы 570 теңгеге дейін шарықтап кеткен. Алайда сақтандыру қорында оның бір килограмы 302 теңгеден екенін, дүкендегі шекті бағасын 312 теңгеден асырмау туралы талап барын жел сөзге ергендер елер емес. – «Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман» деп аталарымыз текке айтпаған ғой. 2020 жылы да осындай жалған хабар тарап, 2-3 күннен кейін сап тыйылған. Қазір жағдай бақылауда. Жергілікті билік мәселені шешудің бір тетігі ретінде әлеуметтік сауда желілеріне басымдық беріп отыр. Бүгінде сақтандыру қорында 720 тонна картоп, 270 тонна сәбіз, 60 тонна пияз, 40 тонна күріш, 250 тонна қырыққабат, 325 тонна қант бар. Бұл өнімдер қаланың әр жерінде орналасқан сауда нүктелері арқылы қолжетімді бағамен саудаланады. Ірі супермаркеттерде де қажетті өнімдер жеткілікті. Сөрелер күн сайын толықтырылып отыр. Әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік түрінің 15-і өзімізде өндіріледі. Жалған мәліметтерге сеніп қалған адамдар өздерін де, өзгені де әуре-сарсаңға салып қойғаны өкінішті, – дейді Солтүстік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының департамент басшысы Роза Тастанбекова. 

Нұрсайын ШӘРІП
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 469
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 430

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735