ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров: «Біздің ведомство Тигран Кеосаянды елімізге кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне енгізу процесін бастады. Дипломатиялық тәжірибеде кейде мұнай тәсілдерді де қолданамыз»,— деп хабарлады. Еске салсақ, 24 сәуірде Кеосаян YouTube-арнасында видео жариялап, онда ол қазақстандықтардың «Украинаға қарағаны жөн» екенін айтып, ал ресейлік жауапты тұлғалар «қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек» деп мәлімдеген-ді. Тигран Кеосаян – RT телеарнасы, «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігі және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстан туралы мәлімдемесіне қарсы пікір білдірген болатын. Мына шара соның жалғасы деуге болады.