Тіл, дін, діл мәселелерін батыл көтерген

Тіл, дін, діл мәселелерін   батыл көтерген

Қазақ Елінің Тәуелсіздігімен даңқұрдас, «Qazaqstan dauiri» газетінің 30 жылдың көлемінде жеткен жетістігімен қоса, рухани өсуінде өзгеге ұқсамас өз сипаты бар. Бүгінде күллі Түрік азаматтары, Қазақстанды «Атажұртымыз»  деп тануына газеттің қосқан үлесі өте зор. «Qazaqstan dauiri» газетінің орны бөлек. Сонымен қоса, бұл газеттің республика мәселесімен бітеқайнасып кеткендігі соншама, тіпті мемлекеттік мәртебесін толық ала алмай отырған Тіл мәселесі, бөлшектеніп саудаға түсіп жатқан Жердің қайғысы, солқылдақтықтан солып бара жатқан Діннің қасіреті, еліктеумен ерекшелігін жоғалта бастаған Діл Болмысты  да,  жан-жақты айтып жақсы көтеріп жүр. Біраз жылдан  бері редакция алқасымен «ұрпақ тәрбиесі» қақында қоян-қолтық  жұмыс істеген сәттерімізге ризашылығымды білдіре кеткенді жөн көріп отырмын. Біздер  ұйымдастырған  «Алдаспан» клубының талқылаған – Тарих – Балабақша – Білім – Мектеп – жайындағы «Дөңгелек  үстел»  материалдары  газет  бетінде  кең  көлемде жарияланады. Газеттің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында  редакция  ұжымын сәтті басқарып отырған Сәуле Мешітбайқызы мен  Ертай  Айғалиұлы мырзаларға алғыс айта отырып, келешекте мұнан да зор табыстарға жетулерін тілеймін. 

 

 

Совет-Хан Ғаббасов, жазушы дәрігер, фантаст, драматург
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5330
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5488
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20455
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19086
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22548