ТІРЛІГІ ТҮЛЕГЕН ТАЛАСТЫҢ БІРЛІГІ БЕКЕМ

ТІРЛІГІ ТҮЛЕГЕН ТАЛАСТЫҢ БІРЛІГІ БЕКЕМ

– Қанатбек Қайшыбекұлы, бүгінгі әңгімені биылғы бірінші тоқсанның аяқталғанына біршама уақыт өтсе де әр сала бойынша үш айда атқарылған жұмыстан бастасақ деймін. Бірінші, қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қысқаша тоқталып өтсеңіз?

– Жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі қаңтар-наурыз айларында 10 миллиард 773 миллион 300 мың теңгені құрады. 6 миллиард 655 миллион 300 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Былтырғы осы мезгілмен салыстырғанда шамалы кем орындалғанын ашық айтуымыз керек. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялар үш айда 2 миллиард 827 миллион 400 мың теңгені құрап, 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 128,7 пайызға немесе 772 миллион 500 мың теңгеге артық орындалды. Нақты көлем индексі 130,7 пайызды құрады. 2 миллиард 460 миллион 400 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 119,6 пайызға немесе 403 миллион 600 мың теңгеге артық орындалды. Жеке және шағын кәсіпорындардағы сауда тауар айналымы 773 миллион 100 мың теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 125,1 пайызға немесе 154 миллион 900 мың теңгеге артық орындалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 884 миллион 500 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 106,7 пайызға немесе 55 миллион 700 мың теңгеге артық.

– Қандай мемлекеттің болмасын тірегі – бюджет кірісі екені белгілі. Қазына қоржыны мол болса, қай өңірде де шешілмейтін мәселе болмайды. Осыған да тоқтала өтсеңіз?

– Кірістер бойынша бекітілген жылдық жоспар 12 705 032,0 мың теңге, наурыз айының жоспары 2 780 079,0 мың теңге болса, биылғы 1 сәуір айына оның орындалуы 3 030 700,7 мың теңгені құрап отыр, яғни 109,0 пайыз орындалды. Жоспар 250 621,7 мың теңгеге артық орындалып отыр. Шығыстар бойынша бекітілген жылдық жоспар 12 720 198,0 мың теңге, сәуір айының жоспары 2 795 245,0 мың теңге болса, 2022 жылдың 1 сәуір айына оның орындалуы 2 781 493,4 мың теңге, яғни 99,5 пайыз. Игерілмеген сома 13751,6 мың теңгені құрап отыр (аудандық бюджет 687,2 мың теңге, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті 13 064,4 мың теңге). Салықтар түсімі бойынша 2022 жылдың 3 айына 554 миллион 242 мың теңге болса, 2021 жылдың 3 айына 380 миллион 072 мың теңге, яғни 145,4 пайызды құрады.

Бюджетті толтыратын бірден-бір көз – кәсіпкерлік саласы. Дұрыс, сұрақты орынды қойып отырсыз. Расында да бюджеті мықты елдің еңсесі биік болады. Мұны Мемлекет басшысы да Жолдаулары мен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында да әр кезде қозғап, нақты міндет жүктеп те келеді. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2753 субъектісі тіркелген (2021 жылы 2681), олардың 181 шағын-орта кәсіпорын (2021 жылы 174), 1731 дара кәсіпкер (2021 жылы 1650) және 841 шаруа қожалықтар (2021 жылы 857). Осы тіркелген субъектілердің 2222 немесе 80,7 пайызы жұмыс істейді (2021 жылы 2151 немесе 802). Талдап айтар болсақ, жұмыс істейтіндер 2222 (2021 жылы 2151), 130 шағын кәсіпорын (2021 жылы 120), 1298 дара кәсіпкер (2021 жылы 1211) және 794 шаруа қожалықтар (2021 жылы 820). Жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны биылғы наурыз айында – 2222. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 103,3 пайыз орындалған, 3,3 пайызға жоғарылаған.

– Өнеркәсіп саласы бойынша не айтасыз?

– 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6655,3 миллион теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жылы – 7485,8 теңге), өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 830,5 миллион теңгеге кем немесе 88,9 пайызға кем орындалғанын айта кетейін. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларына аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7485,8 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,4 пайызды құраған. Аудан бойынша кәсіпорындар арасында еңбек жанжалдарын, даулар мен шиеленістерін болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау бойынша тиісті түсінік беру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорындар арасында айлық жалақы бойынша жұмысшылар алдында қарыз жоқ.

Биылғы қаңтар айынан бастап «Talas Investment Company» ЖШС, «Амангелді ГӨЗ» ЖШС және «Қаратау-ПРО» ЖШС барлық жұмысшыларға айлық жалақысын – 7, «Қазфосфат» ЖШС-ның филиалы «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені – 10, ЖК «Т.Дуамбеков» – 20, ЖК «Ж.Төремұратова» және ЖК «М.Сергабаев» 15 пайызға көтерген. Қалған кәсіпорындарда 2022 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңгеден 60000 теңгеге өсуіне байланысты, тиісті мөлшерде артты. Кәсіпорындарды талдайтын болсақ, «Талас Инвестмент Компании» ЖШС 2180 (2021 жылы 5180) тонна цианид натрий және 662 (2021жылы 968) тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 2443,2 миллион теңгені (2021 жылы 5586,0) құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 3142,8 миллион теңгеге кем орындалды. «Жамбыл недр» ЖШС ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 1200 тонна әк тасын өндіріп, ақшалай 5,606 миллион теңгені құрады.

«Қаратау Про» ЖШС 777 (2021 жылы 1459) тонна карбонат кальций, 13686 (2021 жылы – 15180) тонна мәрмәр ұнтағын, ақшалай 169,6 миллион теңгені (2021 жылы – 167,686) құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 1,9 миллион теңгеге артық немесе 101,1 пайызға орындалды. «Амангелді газ» ЖШС 58,3 (2021 жылы – 38,0) миллион текше метр табиғи газ және 2,9 (2021 жылы – 0,0) мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 1839,6 миллион теңгені (2021 жылы – 1424,4) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 29,1 пайызға артық орындалды.

– Инвестиция тарту бойынша да айта отырсаңыз?

– Биылғы қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 2827,4 (2021 жылы қаңтар-наурыз айларында 2054,9) миллион теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 772,5 миллион теңгеге артық орындалды немесе 137,6 пайыз. Нақты көлем индексі 130,7 пайызды құрады. Талдап айтсақ, кәсіпорындардың ауданға инвестиция тарту бойынша: Құрылыс бөлімі (ФОК Ақкөл) – 94,886, «Шолақтау ТКӨК» – 14,1, «Амангелді ГАЗ» ЖШС – 510,532, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – 44,925, (Газ тарту Ақкөл – 31,377, Қаратау қаласы 13,548), «Talas Investment Company» – 1777,4, «ЦРБ» – 48,1, жеке құрылыс – 107,342 және тағы басқалар 230,0 миллион теңге құрады. Оның ішінде меншік қаражаты 2734,351, (96,7 пайыз) бюджет қаражаты 93,049 миллион теңге. 54675 аудан тұрғынының жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 51,7 мың теңге.

– Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы қалай?

– Индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны – 374811,7 миллион теңгені құрайтын төрт ірі инвестициялық жоба жоспарланып, 18211,7 миллион теңгені құрайтын үш жоба іске асырылды. 2014 жылы бірінші бесжылдықта ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын («Talas Investment Company» ЖШС) «Зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. Жобаның жалпы құны 22,6 миллиард теңгені құрады. Зауытта қазіргі таңда 535 адам жұмыспен қамтылған. «Talas Investment Company» ЖШС Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі цианид натрий өндіретін тұңғыш химиялық зауыт болып есептеледі. Цианид натрий өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жаратуда құнды минерал тыңайтқышы жылына 5,0 мың тонна сульфат алынатын болады. «Talas Investment Company» ЖШС қаңтар-наурыз айларында 2180 тонна цианид натрий және 661 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 2443,2 миллион теңге болды. Өзінің толық қуаттылығының 18,9 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 36,7 пайызы. 2015 жылы екінші бесжылдықта ауданда жалпы құны 3,4 миллиард теңгені құрайтын «Жамбыл Недр» ЖШС жылына 300,0 мың тонна «М-400», «500» маркалы  цементін өндіретін зауыт құрылысын аяқтады. Зауыт құрылысына 4,0 гектар жер телімі бөлінді. Зауытта қазіргі таңда 165 адам жұмыспен қамтылған. Шикізат көзі ретінде «Сүлейменсай» карьерінің әктасы мен «Майтөбе» топырағын пайдаланады.

«Жамбыл недр» ЖШС ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 1200 тонна әктасын өндіріп, ақшалай 5,606 миллион теңгені құрады. Қуаттылыққа шықпаудың себебі зауыттың құрал-жабдықтары жиі істен шығудың әсерінен немесе шикізаттың толық қамтамасыз етілмеуінен болып отыр. 2016 жылы жалпы құны 1946,0 миллион теңгені құрайтын бір инвестициялық жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт толықтай құрылысын итальяндық құрал-жабдықтарды орнату арқылы аяқтады. Онда 96 адам жұмыспен қамтылған. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. 2017 жылдың наурыз айында зауыттың қабылдау актісі жасалынып, кәсіпорын 23 наурызынан бастап іске қосылды.

2022 жылы қаңтар-наурыз айларында «Қаратау Про» ЖШС ұнтақталған мәрмәр 13689 тонна, карбонат кальций 777 тонна өндірді, ақшалай 169,6 миллион тенге. Өзінің толық қуаттылығының 13,2 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 2,5 пайызын құрады. Республикалық индустрияландыру картасына 2023 жылға енгізілген жоба – «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Жобаның құны 365,5 миллиард теңге. Жоба іске қосылғанда 2000 жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда минералды тыңайтқыштарға нарықта бағаның құлдырауына байланысты зауыт жобаның іске асуын 2023 жылға ауыстыруға шешім қабылдады.

2020 жылға индустрияландыру картасына енгізуге жоспарланған жоба – «Talas Investment Company» ЖШС.

Мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 25438,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны –300. Іске асырылатын мерзімі 2020-2022 жылдары. Картаға енгізу үшін кәсіпорынның құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына жолданды.

– Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша не айтасыз?

– Бұл бағдарлама аясында 2021жылы 156,0 миллион теңгеге 26 жоба іске асырылған. Осы бағытта 20 жаба жалғасын табады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында зауыттың шығаратын өнім көлемінің қуаттылығын арттыру мақсатында екінші деңгейдегі банк арқылы «Қаратау ПРО» ЖШС 1085,0 миллион теңгеге несиеге оң шешімін алды. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жұмыстар жыл соңына дейін нәтижесін табатын болады. Бастауыш кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қаражатты бөлуіне сәйкес жұмыстар жасалады.

– Индустриалды аймақ бойынша да өзіңізден естісек дейміз?

– Индустриалды аймақ Қаратау қаласының шығыс бетінде үш километр қашықтықта, Қаратау-Тамды тас жолының бойында, Тамды ауылдық округінің жерінде орналасқан. Мұндай аймақ құру үшін Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы №299 қаулысымен 20 гектар жер учаскесі бөлініп, қосымша аудан әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №219 қаулысымен тағы 20 гектар жер учаскесі берілді және бүгінгі күнге, аймақтың жалпы жер учаскесінің ауданы 40 гектарды құрайды. Аймаққа бөлінген жер учаскесі «Игілік көпсалалы кәсіпорыны» коммуналдық кәсіпорынның басқаруына берілген. Индустриалды аймақтың концепциясы жасалынған. Индустриалық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Talas Investment Company» ЖШС шоғырланған. Бұл кәсіпорыннан Индустриалдық аймаққа инфрақұрылым тарту қолайлылық туғызады. Қазіргі таңда, 40 гектар жер бойынша аграрлық сала немесе басқа да салалар бойынша жобаларды шоғырландыру көзделуде. Сондай-ақ Қаратау қаласының шығыс бетінде индустриалды аймақ орналасқан, нақты мекенжайы Амангелді көшесі №38, ауданы 4,02 гектар. Қазіргі таңда Қаратау қалалық әкімінің аппаратының теңгерімінде. Индустриалды аймақ құру үшін Қаратау қаласы әкімінің ағымдағы жылдын 11 қыркүйегіндегі №136 шешімімен 4,02 гектар тұрақты жер пайдалану бойынша құқығы берілген. Индустриалдық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде теміржол, автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Қаратау Про» ЖШС шоғырланған. Бұл кәсіпорыннан Индустриалық аймаққа инфрақұрылым тарту қолайлылық туғызады.

– Инвестициялық жобаларды тарқатып айтсаңыз?

–  Ауданда құны 1867,6 миллион теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Power city» ЖШС-на Қызыләуіт ауылдық округінен 21 гектар жер учаскесі бөлініп берілді. Жоба іске асқанда 12 жұмыс орындары ашылады. Жоба Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. «Wind Power city» ЖШС тарапынан ауданға 1829,0 миллион теңге инвестиция тартылды. 2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды. 11 адам жұмыспен қамтылды. Жалпы құны 1867,6 миллион теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Electricity» ЖШС-на аудандағы Қызыләуіт ауылдық округінен 22 гектар жер учаскесі берілді. Жоба Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. «Wind Electricity» ЖШС тарапынан ауданға инвестиция тарту мақсатында 1829,0 миллион теңге инвестиция тартылды. 2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды. 10 адам жұмыспен қамтылды.

«Қазақст ан Ре спубликасының индустриалды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында, кәсіпкерлікті қолдау картасына «Talas Investment Company» ЖШС-ның қуаттылығын 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға дейін көтеру мақсатында, зауыттың жанынан қосымша цех соғу жобасын қосу жоспарланды. Бүгінде зауытқа инфрақұрылым тарту бойынша құжаттар рәсімделуде. Қызыләуіт ауылдық округіне қатысты «Еламан» шаруа қожалығы – жылына 500 бас мал бордақылау орнын ашу. Мақсаты қой, сиыр, жылқы және түйе етін өндіру. Инвестиция көлемі 70,0 миллион теңге. Жұмыспен 13 адам қамтылады. Мал бордақылау орнына «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында электр желілерін тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттары толық жасылынып, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасына жолданды. Жобалық құны 1829,1 миллион теңге болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Шенгелді-1» ЖШС-ның құрылысы Қызыләуіт ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп, 2020 жылы басталды. Жалпы қуаты 4,5 мВт болатын үш қондырғы орнатылып, 14 адам жұмыспен қамтылады. Жобалық құны 1829,1 миллион теңге болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Новатэкс» ЖШС-ның құрылысы Қызыләуіт ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп 2020 жылы қолға алынды. Жалпы қуаты 4,5 мВт болатын 3 қондырғы орнатылып, 11 адам жұмыспен қамтылады. Жобалық құны 1829,1 миллион теңге жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Шенгелді-2» ЖШС-ның құрылысы Қызыләуіт ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп, 2020 жылы басталды. Жалпы қуаты 4,5 мВт болатын үш қондырғы орнатылып, 11 адам жұмыспен қамтылады.

– Талас ауданына келіп отырған соң, қай заманнан осы бір берекелі өңірді мекен еткен халықтың нәсібі– төрт түлік жайлы, егінжай туралы әңгіме қозғамай кеткеніміз болмас. Ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінен хабардар етсеңіз?

– Дұрыс айтасыз, біздің ауданның бейнетқор халқының негізгі күн көріс көзі мал екені белгілі. Тағы да цифр тілінде сөйлесек, биылғы екі айдың қорытындысы бойынша мүйізді ірі қара – 33203, қой-ешкі – 400317, жылқы – 14386, түйе – 2206 бас. Үй құстарының саны – 39805 басқа жеткен. Былтырғы осы мезгілмен салыстырғанда төрт түліктің де, құстың да саны артқан. Өткен үш айда мал мен құс еті тірідей салмағымен – 2225,7 тонна, сүт – 1149,5 тонна, алынған тауық жұмыртқалары – 615,0 мың дана. Мұнда да салыстырмалы түрде ілгерілеушілік бар.Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламаларының орындалуына келер болсақ, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Нұр-Ислам» шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 24,0 миллион теңге несие алды. Енді осы қаржыға 480 бас қой сатып алады. «Ахай» шаруа қожалығы асыл тұқымды қой малын сатып алу үшін 22,0 миллион теңгеге құжаттарын тапсырды. Сонымен қатар «Әулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС-на мал сатып алу үшін бес шаруа қожалығы несие алуға құжаттарын тапсырды. Атап айтқанда: «Бірлесу» – 15,0, «Жандарбек» – 14,0, «Жүнісбек» – 12,0, «Мұса – 12,0, «Дәурен» – 3,6 миллион теңгеге мал алу үшін құжаттарын өткізді.

«Агротехника» бағдарламасы бойынша барлығы Бостандық және Қызыләуіт ауылдық округіндегі жеке шаруашылық құрылымдары 32,800,0 миллион теңгеге екі трактор, бес әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында Қызыләуіт ауылдық округінен «Еламан» шаруа қожалығы 2025 жыға дейін 414,0 миллион теңгеге 5000 басқа дейін қой бордақылау алаңын іске қосады. 2021 жылы 80,0 миллион теңгеге Қызыләуіт ауылынан электр желісі тартылды. Қазіргі уақытта 1000 бас қой бордақылануда.

2022 жылдың өнімі үшін барлығы 14095 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Ендігі мақсат – күзгі жиын-терінде берекелі өнім жинау. «Ақ жолда» өздеріңіз ерте көкемнен басталған дала жұмыстарын жазып келдіңіздер, оны енді қайталап жатудың қажеті жоқ шығар. Тек қана су үнемдеу технологиясының барысына тоқталып өтсем. Биыл 8 шаруа қожалығы 300 гектардан аса егіс көлемін тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісімен егісін суару үшін жұмыс жасауда. Бостандық ауылдық округіндегі «Нұр-Дәулет» шаруа қожалығын ерекше атап өтсем деймін. Осы шаруашылық өткен жылы 77,0 миллион теңгеге инвестициялық жоба жасап, жаңбырлатып суару құрал-жабдығын және сусорғысын сатып алып, оларды құрастырып, сынақтан сәтті өткізді және қараша айында жерін жыртып егін егуге дайындап қойған болатын. Қазіргі кезде 50 гектар көпжылдық шөп егілуде. Су нысандары бойынша да атқарылған жұмысты, жылыжай туралы, басқа да ауыл шаруашылығы саласына қатысты қолға алынып жатқан жұмыстарды да жүйелі түрде жазып келесіздер.

Құрылыс, оның ішінде ауылдарды ауыз сумен, газбен қамту, жол жөндеу, білім, мәдениет, спорт, басқа да салаларда атқарылып жатқан жұмыс та сіздердің әріптестеріңіздің назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Енді мен өзіңізбен сұхбатты пайдалана отырып, облыстың бас басылымы – «Aq jol» газетінің ұжымын 100 жылдығымен құттықтаймын! Қашанда алыптардың ізі қалып, қолтаңбасы түскен ата газеттің оқырмандары жылдан жылға артып, өңірдің жетістігін, табыстың тайқазанын қайнатып жатқан еңбек адамдарынан бастап, әр салада еңбек етіп жүрген озаттарды жазуда, кейбір шешімін күткен өзекті мәселелерді қозғауда шығармашылық табыс тілеймін!

– Қанатбек Қайшыбекұлы, ауданның қым-қуыт тіршілігінен хабардар етіп, сұхбат бергеніңізге және ғасыр жасқа жеткен басылымға ізгі тілегіңізді арнағаныңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Амангелді ӘБІЛ. Талас ауданы. Ақ жол газеті
17.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 359
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6465
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8173
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6544
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6680