ТӨЛЕ БИДІҢ ҰРПАҚТАРЫ ҚАРАҚАЛПАҚ ІШІНДЕ: ҚАРАҚАЛПАҚТАР ҚАЗАҚПЕН ҚАНШАЛЫҚ ТУЫС?

ТӨЛЕ БИДІҢ ҰРПАҚТАРЫ ҚАРАҚАЛПАҚ ІШІНДЕ:   ҚАРАҚАЛПАҚТАР ҚАЗАҚПЕН ҚАНШАЛЫҚ ТУЫС?

Қазаққа ішкі рулық, тек жүйесі мен тілі жағынан ең жақын екі халық болса, соның біреуі - Ноғай, біреуі - Қарақалпақ. Олар киім мәдениеті жағынан түрікпеннің, қалмақтың әсеріне ұшыраған. 

 

Әйелдерінде мұрындарына әребек деп аталатын Үнді сипатындағы шығырық өткізу салты бар. Бұл әребек ежелгі Орта Азиялық Үндістанға тараған дәстүр болатын. Нағыз ұлттық бас киімдері қалмақ бас киімімен бірдей. 

 

1. Қарақалпақ пен Қазақтың Әлімдерімен байланысы 

Біздің Шектінің ішінде Майдан деген және Мүйтен деген кіші ру бар.  Төртқарамыздың ішінде Мүйтендер шоғыры бар. 

 

Сол Майдандар мен Мүйтендер Қарақалпақтың Мүйтен руымен бір текті ру болып табылады. Мүйтендер Қарақалпақ ішінде ұсақ ру есептелмейді. Олар ірі арыс ел санатында. Қарақалпақ ішінде Шектімен тығыз қатысты Асан руының өкілдері бөлек ру болып отыр. 

 

Мүйтендер мен Майдандар шанышқы таңбаны қолданатын жауынгер ел. Олар соғыста Ақшолпан, Ақшолпан деп ұран шақырады. Қарақалпақ ішінде бұдан тыс Жалпақ Шек(Жалпақ Шекті) руы бар. 

 

2. Қарақалпақ пен Қазақтың Қоңыратының байланысы 

Хиуа хандығын Қоңыраттан шыққан бектер біршама уақыт билегендіктен, Әму мен Аралдағы бір сыпыра қоңырат емес рулардың өзін Қоңырат арысының құрамына кіргізіп жіберген. 

 

Қарақалпақтағы Қоңырат бірлестігінің ішінде 14 тайпа бар. Олар: Қияттар, Ашамайлы Керейлер, Терістаңбалы Наймандар, Байбақты, Қазақлы қатарлылар. Қоңырат бірлестігінің ішінде ру есебінде Саңмұрын, Төртуыл, Қанжығалы, Тарақты, Қарақожа, Жаман-Қоңырат, Қазақы, Асан, Найман, Жарымбет, Байрам(Мейрам) қатарлы Қазақпен тығыз қатысты ру топтары бар. 

 

Қазіргі күндері әр он қарақалпақтың бесеуі өзін қоңыратпыз дейді. Тең жартысын ұстайды. Қарақалпақтағы Қоңыраттарымыз өздерінің таңбасы болған босаға таңба негізінде Қақпа деген сөзді соғыста ұран етеді. 

 

Қарақалпақ ішінде біздегі қоңыраттарға ұқсас Маңғытай(Маңғыт), Жетімдер(Жетімтай,  Кенегес руы бар. "Алпамыс батыр" эпосы олар ішінде қатты қадірленеді. 

 

3. Қарақалпақ пен Қазақтың Найманының байланысы 

Қарақалпақты құрап тұрған алты арыс елдің біреуі Найман шежіресіндегі Қытай бидің Қытай деп аталатын тұқымдары. Таңбалары Найманның Терістаңбалы руының таңбасымен бірдей. 

 

Найманның Балталы, Бағаналы руы мекен етіп жатқан Ұлытау атауын олар соғыста ұран етіп шақырады. Біздің Найманға ұқсас Құсшы атасы кездеседі. 

 

Олар Қарақалпақ Наймандары есептеледі. Қарақалпақ ішінде бұдан тыс найман текті Найман, Бағаналы, Қаратай, Терістаңбалы, Төртуыл рулары бар. 

 

4. Қарақалпақ пен Қазақтың Қыпшағының байланысы 

Қарақалпақты құрап тұрған алты арыс елдің біреуі осы Қыпшақтар. 

 

Тоқсабаны ұран етеді. Тоқсаба атасы біздің Қыпшақтарда да бар. Қарақалпақ ішінде Қыпшақтық Ойбас, Айбас деп те аталатын атаның ұрқы Абас руы болып қалыптасқан. 

 

5. Қарақалпақ пен Қазақтың Керейлерінің байланысы 

Қарақалпақ ішіндегі Керей рулары өз алдына бөлек ру есебімен белгілі. Олардың қатарында: Ашамайлы, Қарақожа, Жәдік, Шеруші, Қойлы, Ақымбет, Еренше(Араншы), Ақсары(Арсары). 

 

6. Қарақалпақ пен Қазақтың Қаңлыларының байланысы 

Қаңлылар Қарақалпақ ішінде көп бөлімде ұшырайды. Біздің Қаңлы ішіндегі Мүйтендермен түбі бір Қарақалпақты Мүйтен арысын қайда қоямыз?! 

 

Қарақалпақ ішінде Қаңлы, Қатқаңлы, Таза-Қаңлы, Кенегес қатарлы Қаңлы текті рулар бар. Қақалпақ ішінде Шанышқылы текті Бектау руы мен Шанышпай(Шаншығай) руы бар. 

 

7. Қарақалпақ пен Қазақтың Телеулерінің, Төлеңгіттерінің, Төрелерінің байланысы 

Қарақалпақ ішінде Телеулермен түбі бір және Төлеңгіттердің арғы түбі саналатын Телі тайпасының өкілдері көп. 

 

Олар өз ішінен Тілеуберді қатарлы 5 тармаққа бөлінеді. Бұдан тыс, Қарақалпақ ішінде Тілеу деп аталатын бөлек бір ру бар. Қарақалпақ ішінде Төре руы бар. Төрелердің бөлек ру болуы Хиуа хандығының тағынан төрелердің тайдырылуынан кейін қалыптасса керек. 

 

8. Қарақалпақ пен Қазақтың Арғындарының байланысы 

Қарақалпақ ішінде бөлек ру есебінде шалқып жүрген Тарақты, Қанжығалы, Байрам(Мейрам), Саңмұрын, Сүйіндік, 

 

9. Қарақалпақ пен Қазақтың Дулаттарының байланысы 

 Қарақалпақ ішінде Дулат текті Сәмбет руы, Оймауыт руы болса, олардың ішінде Төлеби ауылы деген атпен жүрген біздің би ауылының ру болып қалыптасқан ұрпақтары бар. 

 

Бұдан тыс, Керей мен Уаққа ортақ Еренші, Ақымбет рулары мен Байұлына жататын Байбақты руы Қарақалпақ ішінде жүр. Байұлына тән Таналық Танамырза руы да кездеседі. 

 

Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы.

Мақсат СқақовтыңФБ парақшасынан
05.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 81
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 603
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 720
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 632
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 642

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8779
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8179
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11408
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9162
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10393