Тоқаев әділет министрі Қанат Мусинді қабылдады

Тоқаев әділет министрі Қанат Мусинді қабылдады

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Қанат Мусинді қабылдады.

Президентке министрліктің былтыр атқарған жұмыстарының нәтижелері мен 2022 жылы мән берілетін басым бағыттар жөнінде баяндалды. Биыл 26 заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауына енгізіледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекет мүддесінің қазақстандық және халықаралық соттарда қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Қазір министрлік 25 іс бойынша мемлекет мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олардың 14-і халықаралық арбитраждардың, 5-еуі шетелдік соттардың қарауында жатыр, 6 іс сотқа дейінгі өндірісте қаралады. Сонымен қатар, Қанат Мусин сот актілерінің орындалуына қатысты жағдай мен халыққа заңгер көмегінің берілуі жөнінде есеп берді. Әділет министрінің айтуынша, 122 мыңнан аса азамат кепілдендірілген заң көмегін алған, осы мақсатта 1,8 миллиард теңге бөлінген. Әлеуметтік жағдайы төмен 11 мыңнан аса адам заңгер көмегін тегін алған. Президент Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған заңгерлік қызмет көрсету ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.

 

Ермек Сахариев
18.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5474
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5625
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20598
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19225
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22689