Тоқаев мемлекеттік тілде сұхбат береді

Тоқаев мемлекеттік тілде сұхбат береді

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли: «17-і ақпан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен саяси және әлеуметтік реформаларға қатысты қалың көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан көрсетіледі. Сұхбат 17 ақпан сағат 20:30-да эфирге шығады»,—  деп хабарлады.  Әлгі хабарламада: «Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді», — делінген. Еске салсақ, Президент қаңтарда «Хабар24» арнасына сұхабат берген болатын. Сол кезде қалың көпшілік Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатты орыс тілінде бергенін сынға алған-ды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатты неліктен мемлекеттік тілде бермегенін түсіндіріп, келесі сұхбат міндетті түрде мемлекеттік тілде беріледі деп сендірген болатын. Президент сол сенім үдесінен шыққан сынды.

Ермек Сахариев
17.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 720

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19645
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19458
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34582
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33149
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36969