Бұл туралы Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезі кезінде айтты.
Партияның ребрендингі оның атын өзгерту, маңдайша тақтасын өзгерту ғана емес. Ең алдымен, барлық партия жұмысын қайта құру керек. Мен бүгін партияны өзгерту туралы айтылған ұсынысты қолдаймын, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған байланысты Президент бірқатар басым міндетті атап өтті.
Бірінші – орталықсыздандыру және партия аппаратының тиімділігін арттыру. Бюрократизмнің ең нашар қасиеттері партиялық аппарат жұмысында айқын көріне бастады. Атап айтқанда, желілік кестелер, есептер, ресми іс-шаралар сайлаушылармен тікелей жұмысты екінші жоспарға ысырды. Көздері жанып тұрған энтузиастар немқұрайлы қызмет етушілерге жол беруге мәжбүр болды, - деді Тоқаев съезде.
Президенттің сөзінше, орталық аппарат, филиалдар мен бастауыш ұйымдардың өзара іс-қимылының әдістерін толығымен қайта қарау қажет.
Біз бюрократия мен қағазбастылықтан бас тартуымыз керек. Облыстық филиалдар мен бастауыш ұйымдар сайлаушылармен өз бетінше жұмыс істей алады және жұмыс істеуі керек. Орталық аппарат директивалық және қолмен басқару тәжірибесін тоқтатуы керек. Оның міндеті – жалпы партиялық векторды белгілеу, әдістемелік және идеологиялық қамтамасыз ету, кадрларды дайындау, жүйелі проблемаларды талдау. Партияға ең алдымен сенім мен ынтымақтастыққа негізделген жаңа қарым-қатынас мәдениеті қажет, - деп толықтырды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін.
https://baq.kz/toqaev-partiyanyn-negizgi-mindetterin-atady_272690/?utm_source=www.inform.kz