ТОҚАЕВ ТІЛ ТУРАЛЫ НЕ ДЕДІ?

ТОҚАЕВ ТІЛ ТУРАЛЫ НЕ ДЕДІ?

 

 

Ежелгі әдеттері ғой. Ресейлік журналистерді айтам.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбаттасса ең алдымен тіл туралы тілге тиек етеді. Пиғылдары түсінікті ғой. Бірақ президент үнемі сынаптай сырғақ, алмастай өткір мәселегі еш даңғазаға салмай салиқалы жауап береді. Осы жолы да солай болды. «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатын мұқият тыңдап шықтық. Сонымен Тоқаев тіл туралы не деді?:

 

«Қазір елімізде қазақ тілін оқып-үйренуге зор сұраныс туып жатыр.  Мемлекетіміздің «Қазақстан» аталған есімінде «қазақ» сөзі жатыр. Сол тұрғыдан алғанда біз қазақ тілін үйренуге ынта білдіріп, баласын қазақ балабақшасы мен мектебіне бергісі келетіндердің мүддесін ойлауымыз керек, - деді Президент. Осы орайда, «елімізде орыс тілі шектеліп жатыр деген әңгіменің еш негізі жоғын» Қасым-Жомарт Кемелұлы естір құлаққа айқын ұқтырды. Орыс тілінің жағдайы нашар дегенді желеу еткендердің әрекеті мәселені саясиландырғысы келгендердің арзанқол тірлігі екенін де айтуды тағы ескертті. 

 

Ресей бір тараптан Құдайы көршіміз екенін айтқан Президент орыс тілін білумен қатар, қазақ тілін де білуіміз керек екенін шегелеп айтты. Ең бастысы, бұл тарапта  ахуалды саясиландырмау маңызды. Тым нәзік, аса сезімтал тіл мәселесінде айғайға ойбай, ұранға аттан қосқан дабыраның қажеті жоқ. Байыптылық пен байсалдылық танытқандар ғана түбі байрақ ұстайды, өйткені.

Әуесбайдың Қанаты ФБ парақшасынан
15.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 352
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6457
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8166
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6537
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6673