Тоқаев халқына сүйенсе ғана НӘН-дер шегінеді

Тоқаев халқына   сүйенсе ғана   НӘН-дер шегінеді

Қаңтар қырғынынан кейін қайғы-қасірет жамылған қазақ халқы 30 жылда ешқашанда үміт етпеген жарқын болашақты, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманды аңсай бастады, арман етті, оның болатынына сене бастады. Ең бастысы 30 жыл халқының бар байлығын тонаумен айналысқан Назарбаев және оның айналасындағы жемқорлардың, ақша үшін Отанын сатқандардың аренадан кеткеніне де сеніп, қуанып, шаттанып, рухтанған қоғам еркін тыныс ала бастағандай еді. Әлбетте, Назарбаевтың әне жерден бір, мына жерден бір жылт-жылт көрінгені көңілге күдік, кірбің ұялататын.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы норманы біржола жою жөнінде конституциялық заңға өзгерістер енгізгені ол күдігімізді сейілткендей еді. Кенет Қазақстан аспанында найзағай ойнап, күн күркірегендей болып, Назарбаев және оның бірнеше сыбайластары алшаң басып, аренаға шыға келді. Назарбаев  астанадағы жаңа мешіттің ашылуына қатысып қана қоймай, көсіліп сөйледі. Әріптес бауырым айтқандай, бұл оқиға кенеттен «аруақтар пайда болғандай» еді. Ел аң-таң. Содан ба, әлде баяғы көнбістік пе, мешіттің ашылуына келген мыңдаған адамның бірде-біреуі шығып: «Шал, кет!» – деп айта алмады. Қасиетті мешітке қасиетсіз адамның келуі кімге де болмаса кері әсер етсе де, алдаспан ақиқатты айтатын бір ақсақалдың табылмауы өкінішті-ақ. «Хан емессің, қасқырсың...» деп күркіреп өткен Махамбеттер қайда?

Ол – ол ма, одан соң тағы бір елең етерлік оқиға елді тағы да есеңгіретті. Arasha.kz ақпараттық порталына сұхбат берген заңгер Абзал Құспан жоғарыда аталған заңның күшін жою туралы нормативтік-құқықтық актінің әлі де қабылданбағанын, оның Парламентте әлі де қабылданбағанын айтып жар салды. Мәссаған! Депутаттар бұл жөнінде ләм-мим демей рахаттанып демалып жүр. «Сенген қойым сен болсаңның» кері. Бұл сонда барлық сценарий Назарбаевтың ықпалымен жүріп тұрғаны ма?

Бәлкім... бәлкім Мәсімовтің қамалғаны, сотталып жатқаны да өтірік-лақап па? Себебі оның орынбасары Самат Әбіш атасының жанында бостандықта жүр деп жазды «Чиновник» телеграм арнасы. Қайрат Сатыбалды туралы да күдіктенесің... Себебі Бекболат Тілеухан шетелде жүріп біреулерді сотқа бермекші болып доңайбат көрсетіп жатыр. Үнсіз қалған Тимур Құлыбаев та «тіріліп», Мәсімовтен қалған екі кен орнын сатып алмақшы екен. Таң қалмай көріңіз! Қайрат пен Гүлмира Сатыбалдыларды тұтқынға ұстау мерзімі неге қайта-қайта ұзартыла береді? «Өлім халінде жатқан» Болат Назарбаевтың денсаулығы аяқ астынан жақсарып кетіпті. Халықты қан қақсатқан Нұрбол Назарбаев  туралы да неге үндемей қалдық? Жаңа Қазақстанның тағдырын шешіп жатқан ескі жүйе неге кетпей отыр? Күдік көп, осындай сұрақтар халықты мазалап тұр. Бұларға кім жауап береді? Кім? Мұнда бір гәп барын ел шулап айтып жатыр. Ол гәптің, біздіңше, бір-ақ шешімі бар. Тоқаев халыққа сүйену, сену керек. Бұл алпауыттар биліктен сонда аяқтарын тартады.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 61
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 46
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 452
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281