Торғайлықтар болашаққа сеніммен қарайды

Торғайлықтар болашаққа сеніммен қарайды

«Qazaqstan dauiri» газетінің «Nur Otan» партиясы мен ҚР Ауылшаруашылығы  министрлігімен және «ЕлАна» сайтымен бірлескен «Ауыл – Ел бесігі» экспедициясы  Қостанай өңірінде

(жалғасы, басы өткен санда)

 

Арқалық қаласының әкімі Ә.Б. Асановпен: Арқалық мемлекет қолдауынан күш алып отыр  

– Әмірхан Біркенұлы әңгімемізді бірден Арқалық қаласының болашағы жайлы, оның бюджетінің шама-шарқы мен қаладағы орташа жалақы мәселесінен бастасақ?

 – «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек» деп атап өтті.

Қаланың болашағына бей-жай қарамайтын ұстанымымыздың арқасында біз барлығымыз бірге заманауи, жайлы және қауіпсіз өңір салу жолында айтарлықтай ілгерілейміз деп сенемін.

Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жалақының өсуі қала бюджетіне түсімдер көлемін 1 млрд 303,0 млн теңгеден астам немесе бюджеттің кіріс бөлігін 64 млн теңгеге асыра орындаумен немесе 5%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Нысаналы трансферттердің көлемі 4 млрд 472,0 млн теңгеден асты. Бұл жақсы көрсеткіш. Бюджеттің шығыс бөлігі 100%-ға орындалды.

Қала бойынша орташа жалақы өткен жылдың деңгейіне қарағанда 16,8%-ға өсіп, 145 мың 349 теңгені құрады.

– Менің білуімше Арқалық қаласының бюджетін өндірістер толықтырады. Осы тұрғыдан қарасақ,  Торғай боксит кеніші жабылды. Қазіргі жағдайға тоқталып өтсеңіз? 

– Қала өндірісінің жалпы көлемінде өндірістің 32%-дан астамы өнеркәсіп үлесіне келетіні рас. 2021 жылдың есепті кезеңінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 млрд 894 теңгені құрады. Бұл бұрынғыға қарағанда аз.  Өнеркәсіп өнімі көлемінің төмендеуінің негізгі себебі өзіңіз айтқандай, Торғай боксит кеніш басқармасының «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының тау-кен өндіру кәсіпорны қызметінің толық тоқтауына байланысты.

Бұл ретте экономиканың өнеркәсіптік секторын дамыту үшін жалпы саны 135 жұмыс орны бар «Арқалық Кремсервис» ЖШС, «Арқалық сүт» ЖШС, «Үміт» ЖШС сияқты кәсіпорындар белсенді қызметін жүзеге асырады.

– Мемлекет тарапынан жақсы жолға қойылған «Бастау Бизнес» жобасы жайлы қысқаша айта кетсеңіз? Көпшілік осындай бағдарлама бар екенін біле бермейді.

– «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 57 адам оқытудан өтті, оның ішінде: жастар – 12 адам, көп балалы аналар – 4 адам, мүмкіндігі шектеулі адамдар –1 адам.

Қазіргі уақытта коронавирустық пандемияға байланысты өтінімдерді қабылдау және оқыту онлайн режимде жүзеге асырылуда.

Есепті кезеңде қызмет көрсету және сауда саласында 14 нысан ашылды, 12 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Осы жерде  «Торғай плаза» сауда ойын-сауық орталығының ашылуы ерекше оқиға болғанын айта кетейінші. Қазіргі уақытта 109 тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

 «Мечта» дүкендер желісі 25 адам;

 «Солнечный» супермаркеті  64 адам;

 «Торғай плаза» СОО  20 адам.

Олардың ішінде: тұрақты жұмысқа қабылданғандар, ТБКБ-ның бұрынғы жұмыскерлері  16 адам. 

– Тұрғын үй мәселесі қалай шешімін табуда?

– Мемлекет қаржылық ресурстар шегінде халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылуда.

Биыл қала бойынша 1 мың 652 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында қазіргі уақытта Ш.Жәнібек көшесі, 51 бойынша 3 қабатты тұрғын үйді және сыртқы инженерлік желілерді реконструкциялауға (жобаның құны – 181,3 млн теңге) ашық конкурс жарияланды, құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады.

Нәтижесінде 18 әлеуметтік осал отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деп отырмыз.

Сондай-ақ осы жылы 14,5 млн теңге сомасына Арқалық қаласы, Ш. Жәнібек көшесі, №99 үйдің 90 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, 2021 жылғы 1 желтоқсанға қарай жоба сараптамасы алынады.

Бұдан басқа «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын тиімді іске асыру кешенінде жеке тұрғын үй құрылысына кезектіліктің жоғары көрсеткішін ескере отырып, 550-ден астам өтініш, біз қаланың 7 шағынауданында  5,3 млн теңге сомаға сыртқы инженерлік желілер салуға жоба әзірлеп жатырмыз, жобаны алу ағымдағы жылдың 1 қазанына жоспарланып отыр, сонымен қатар құжаттамаға сараптама жүргізілетін болады.

– Жұмысыңыздың тығыздығына қарамай сұхбат бергеніңізге рахмет!

 

Халықпен қарым-қатынас күшеюде

«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тасмағанбет Сабыржан Нұрсалиұлының айтуынша: 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасы бекітілген. Бұл құжатта көптеген ауқымды іс-шаралар қарастырылған көрінеді.  Мысалы, биыл осы бағдарлама аясында көмірмен жанатын жаңа Жылу қазандығы салынған (құны – 7,5 млрд теңге).  Мал бордақылау алаңы іске қосылуда (3,5 млрд теңге). Жаңа элеватор ашылыпты (1,5 млрд теңге). 

Родина және Үштөбе ауылдарында жаңадан су құбырлары тартылған. Яғни аталмыш ауыл тұрғындары үшін сапалы ауыз су қолжетімді болды деген сөз. Сондай-ақ Родина орта мектебі күрделі жөндеуден өткізіліпті. «Торғай-Плаза» сауда орталығы ашылып, онда азық-түлк пен басқа да тұтыну заттары қала тұрғындарына қолжетімді бағамен сатылуда. Партиялық бақылау Комиссиясының мүшелері құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға барып, жағдаймен танысып отырады, тиісті шаралар қолданады. Сондай-ақ  карантин кезінде банк, пошта, дүкендер, мектептер сияқты басқа да мекемелерде әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын, залалсыздандыру құралдарының болуын да назардан тыс қалдырмаған. Өйткені адамдардың денсаулығы – ең маңызды мәселе.   «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша қаланың, ауылдардың әкімшілік және қоғамдық ғимараттарының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қол жетімділігі  тексеріліп  әрі қамтамасыз етілген     

 «Nur Otan» партиясының Арқалық қалалық филиалында қала басшылары мен халық қалаулылары үнемі қоғамдық қабылдау  өткізеді екен. Қабылдауға қатыса алмайтын азаматтар   сұрақтарын телефон арқылы қоя алады. Көбіне тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық саласына байланысты мәселелер көтеріледі және олар мейілінше жедел шешіледі. Бүгінгі таңда партия филиалына хабарласып, алғыс пен ақ ниеттерін білдіріп жатқан жерлестеріміз де аз емес екен. Біз де істеріне сәттілік тіледік.

 

Арқалық тағы көзден таса қалды ма?

Қазақ халқының арда азаматы     Өзбекәлі Жәнібеков алғаш өз қолымен ашқан мұражай алдында тұрмын. Бұл мұражайға  2022 жылы ақпанда 50 жыл толмақ. Мұражайда 76 мың экспонат тұр.  76 мың! Не жоқ дейсіз,  бәрі бар. Қастеев салған Амангелді батыр портреті осында. Түпнұсқасы.  Амангелдінің қанжары,  Сары Қошқар батырдың сауыты,  Нұрхан ақынның домбырасы.  Сармат дәуіріне жататын күміс өмілдірік...

Арқалық бокситімен аты шыққан қала. Жаңа қала. Мона қала. Кешегі кеңестің көзіндей болған боксит қалдықтары тау-тау болып алыстан мұнартады. Шәмші атамыз бір заманда ат шалдырып кеткенде «Арқалықтың ақ таңын» шырқатты.

 Мұхтар Шаханов көкемде  Торғай даласына сапарында «Арқалық – аймаңдай ақ шаңқан қала екен» деп сүйсініпті.  Сол жолы Торғай даласына «Сендер шауып кірдіңдер алғаш рет,  Жиырмасыншы ғасырдың есігінен...» деп баға берген.  Алайда Арқалық баяғы Арқалық емес. Олигархтар иеленген шахталар жұмысы тоқтап тұр. Бірақ жұмыскерлер қала әкімдігінің бақылауында.  Оларды жұмыспен қамту басты міндет екен.  Жалпы Арқалық еңсесін тіктеп, есін жиып келеді. Жоқ,  жоқ дей бергенмен түк өнбес. Кемшілік пен кеңшілік бірге жүретінін ескерсек, кейде жақсылықты да көретін көз керек.  Қаншама жаңа ғимараттар бой көтеруде... Қаншама жаңа нысандар салынуда.  Проблема да жетерлік. Соның ең бастысы Ақтөбеге тартылатын күре жол. 

Бұл туралы Камал Әлпейісова тәтеміз жақсы жазды «фейсбук» парақшасына: «Күні кеше Екібастұз қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске де үміт арта қарадық. Мемлекет басшысы «2023 жылы Нұр-Сұлтан – Алматы жолын жаңғырту жұмысын аяқтауды тапсырдым. Бұл Балқаш қаласының әлеуетін айтарлықтай арттырады. Ал 2024 жылы Жезқазған – Қызылорда тасжолының құрылысы аяқталып, бұл Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының сауда-көлік байланысын нығайтып, жүк транзитін арттырады» деп нақты айтып өтті. Бірақ Арқалық қаласы туралы ләм-мим демеді. Біздің Арқалық арқылы өтетін тасжолының жоқтан өзгені сылтау етіп салынбай жатқанын Мемлекет басшысына жеткізер біреу бар ма екен? Жол салынса бұл бағытта да жүк транзиті артып, сауда-көлік қатынасы дамитыны анық еді ғой...

 

Нағашыбай Қабылбек
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 206
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 49
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 221
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 221
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 239
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 221
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 210
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 205
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 228
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 217
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 225

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10503
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9482
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12717
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11687
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16700