Мысырдағы Ариш көпбейінді ауруханасына ғажайып науқас келген. Тексеру барысында дәрігерлер бұл төрт айлық сәбидің төрт бүйрегі бар екендігін байқапты. Бұл сирек кездесетін жағдай туралы 5 наурыз күні «egypttoday.com» хабарлады. Науқасқа жауапты дәрігердің айтуынша «сәби қатты әлсіреген күйде жеткізілген. Тексеру барысында туғанына енді ғана төрт ай болған ұл балада төрт бүйрек бар екендігі анықталды. Бала қазір аурухананың жансақату бөлімінде жатыр»,- екен.