Т.Құлыбаев билікке қайта келмекші

Т.Құлыбаев билікке  қайта келмекші

Ресей үкіметі трансұлттық энергетикалық компанияның директорлар кеңесіне 2021 жылғы кандидаттар тізімін қайта ұсынды. Осы тізімдегі Тимур Құлыбаев ресейлік «Газпром» директорлар кеңесіне қайта сайлануы мүмкін. Ол үш тәуелсіз директорлардың қатарында осы лауазымға үміткерлер тізіміне енген. Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Алматы трагедиясынан кейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кетті, бірақ Kazenergy қауымдастығының төрағасы лауазымын сақтап қалды. «Kazenergy» басшысы ретінде «Газпром» директорлар кеңесіне кандидаттар тізіміне енді. Құлыбаевтан басқа компанияның оның құрамында екі тәуелсіз директоры – Губкин атындағы РМУ ректоры Виктор Мартынов және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы ректоры Владимир Мау бар. Тимур Құлыбаев алғаш рет «Газпром» директорлар кеңесіне 2011 жылы кірген-ді. 

 

Ермек Сахариев
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5564
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5711
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19314
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22776