Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА “АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА “АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

 

«Келісті атаның жолы – кейінгіге үлгі» демекші, жақсы істі жаңғыртып, жалпының жанын жадыратқан «Асар» ісі ағайынның арасын нығайтуға, әлсізді демеуге үлкен себепкер, ел арасына тың ой салған игілікті іс.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы өңірде сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, өткен жылы осы жоба аясында Т.Рысқұлов ауданында жоспарланған 16 үйдің 14-і салынып, 2 дайын үй сатып алынып, мұқтаж отбасыларға беріліп, қоныс тойы тойласа, биыл тағы да 14 үй тапсыру жоспарланып, жыл басынан бері 8 үйдің кілті мұқтаж жандарға табысталады.  Сондай бақытты аналардың бірі Абжалова Съездгуль жалғызбасты ана:

Алғысым шексіз, отбасымызбен қуанып жатырмыз. Әсіресе балаларым. Үйге келдік, көрдік, ұнады. Балалар ертерек көшіп келсек екен деп қоймай жатыр. Жаңа жылды осында қарсы аламыз деген ниетіміз бар.

Ол жанашыр жерлестеріне алғыс айтып, әрбір үйде мереке бола беруін тіледі.

Ауыл кәсіпкерлері, блогерлер, сырттағы аудан тумалары, ауыл жастары мен ауданның жанашыр азаматтары демеушілік көрсетуімен жүзеге асқан бұл жоба мұнымен тоқталмай, алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

 

 

 

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
10.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5477
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5629
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20600
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19228
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22692