Т.Рысқұлов ауданында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Т.Рысқұлов ауданында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Ауылшаруашылық, аграрлық  және кәсіпкерлік секторларының қатысуымен  дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

 

Елді мекендерден жеткізілген өнімдер аудан тұрғындары үшін нарықтағы бағасынан төмендетілген бағамен ұсынылды.

 

Негізгі мерекелік шаралар Орталық алаңда ұйымдастырылып, аудандағы өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Орталық алаңда тігілген киіз үйлерде жұртшылық ұлттық тағамнан дәм татты. 


Жиналған қауымды және барша аудан тұрғындарын аудан әкімі Ерболат Садырқұлов құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Аудандық өнер ұжымдарының дайындағын мерекелік бағдарламасы көптің көңілінен шықты. Театр актерлерін жыл басы туралы қойылым сахналанса, әнші, бишілердің де өнері, жиналғандардың көңілін көтерді.

Мерекене орай 10-ға жуық киіз үй тігіліп, ақ дастарқан жайылды. Барлығы да ертемен тұрғындарды қабылдап, ұлттық тағам түрлері мен наурыз көжелер үлестірді.


Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік думанды көруге келгендердің қатары көп болды. Орталық алаңдағы ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлеріне белсене қатысты. Мәселен, қой көтеру, қазақ күресі көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Жұртшылық бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. 

Ұлыстың ұлы күніне арналған негізгі мерекелік шара аудан тұрғындарының көңілінен шықты. Наурыз мейрамы - ауданның барлық ауылдық округтерінде ұйымдастырылды.

Мөлдір Тастанбек, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы,
21.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 827
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6902
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10737
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6970
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7110