Т.Рысқұлов ауданында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Т.Рысқұлов ауданында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Негізгі мерекелік шаралар Орталық алаңда ұйымдастырылып, аудандағы өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Орталық алаңда тігілген киіз үйлерде жұртшылық ұлттық тағамнан дәм татты. 

 

Жиналған қауымды және барша аудан тұрғындарын аудан әкімі Ернар Есіркепов құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Аудандық өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен бастау алған мерекелік іс-шарада театр актерлерін жыл басы туралы қойылым сахналанса, әнші, бишілердің де өнері, жиналғандардың көңілін көтерді.

 

Мерекеге орай 10-нан аса киіз үй тігіліп, ақ дастарқан жайылды. Барлығы да ертемен тұрғындарды қабылдап, ұлттық тағам түрлері мен наурыз көжелер үлестірді.

 

Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік думанды көруге келгендердің қатары көп болды. Орталық алаңдағы ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлеріне белсене қатысты. Мәселен, қой көтеру, қазақ күресі көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Жұртшылық бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. 

 

Ұлыстың ұлы күніне арналған негізгі мерекелік шара аудан тұрғындарының көңілінен шықты. Наурыз мейрамы - ауданның барлық ауылдық округтерінде өз жалғасын табатын болады.

 

 

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
21.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АШТЫҚТАН ҚАЗАҚ ҚЫНАДАЙ ҚЫРЫЛДЫ?
Сұхбаттасқан, Нағашыбай Қабылбек - 30.05.2023 162

Топ жаңалықтар

1
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 58
2
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 55
3
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 109
4
ІЛЬЯСТЫҢ "АҚ ҚАЛАСЫ" АШАРШЫЛЫҚТЫҢ НАҚ БАҒАСЫ!
Show more
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 2023-05-31 113
5
Өміріңді сақтандыр, өкінбейсің!
Show more
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 2023-05-31 306