Туған күні тіл мерекесіне айналған ғалым

Туған күні тіл мерекесіне айналған ғалым

Елорда төрінде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай түрлі іс-шаралар мен ғылыми танымдық конференциялар болып өтті. Биыл жыл басынан бері Алаш арысы, қоғам қайраткері, қазақтың жаңа әліпбиін жасаушы, көрнекті тіл ғалымы Ахмет атамыздың 150 жылдық мерейтойына орай бас қаламызда ғалымды ұлықтауға арналған түрлі шаралар өтіп жатыр. Көше бойындағы көрнекі орындардағы билборттарға Ахаңның ұлағатты сөздері ілініп, ұлы ғалымның ұлттық тәуелсіздік және қазақты ғылым жолына бастау жайлы айтқан ақылиялары ілініп, бас қаланың көркін асыра түскен еді.

Ұлы ғалымның туған күні 5 қыркүйек қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы мерейтойы ең алдымен Абай көшесі бойындағы Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне басталды. Бұл шараға Алаштанушы ғалымдар мен билік өкілдері қатысты. Атап айтар болсақ, Алаштанушы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың проректоры Дихан Қамызабекұлы, Шерубай Құрманбайұлы, «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ербол Тілешов, Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының басшысы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов және басқалары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Жаңа Қазақстанның мемлекетшіл-идеологиялық, ғылыми-интеллектуалдық, мәдени-танымдық ізденісін, тәжірибесін, әлеуетін танымалдандыру орайында Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын жаңаша зерттеп-зерделеу, тіл білімі мен әдебиеттану көшбасшысының ғылыми қағидаттарын, тұжырымдамаларын білім, мәдениет және басқа да бағыттарда салаландыру, ахметтанушылардың жаңа буынын қалыптастыруға септесу, жоғары және орта мектептің А. Байтұрсынұлы мұрасын оқу және тәрбие үдерісінде пайдалануға байланысты тәжірибесін талқылау және озық тәжірибелерді насихаттау

Дәулеткерей Кәпұлы: Мемлекетті ешкімге бермейміз, билік те оған жол бермейді– «Қазақтың көрген қиыншылығын бұл кісілер тек бастарынан өткізіп қана қойған жоқ. Жан жүректерімен сезініп, алтын бастарын бәйгеге тікті. Ұлттың жолында құрбан болды. Сондықтан бүгінгі ұрпақтың санасында, келешек ұрпақтың жадында бұл кісілердің ерен ерлігі, сақталуы керек және одан тәлім алуы керек», – дейді ақын Дәулеткерей Кәпұлы.

Ерлан Каналимов стал акимом нового района Байқоңыр в Астане - новости  Kapital.kz– «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған үлкен халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталып отыр. Елордамызда ол кісінің атында үлкен көше бар. Және де Ахаңның атында бір мектеп-гимназия бар. Жуырда біз сессияда талқылап өттік. Ахмет Байтұрсынұлына арнап елордамызда ескерткіш қоятын боламыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.

Жаңалығы көп конференция Гүл қою рәсімінен кейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және жаңа Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Конференцияға АҚШ, Түркия, Венгрия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Башқұртстан, Татарстан елдерінен келген ғалымдар қатысып, баяндамалар жасады.

Баяндама кезегінде мінбеге көтерілген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан біраз жаңалықты айтты.

Саясат Нұрбек: Шетелдегі этникалық қазақтарға жерді пайдалану құқығын беру  керек– «Ахмет Байтұрсынұлына арналған іс-шаралар ЮНЕСКО шеңберінде халықаралық деңгейде өткізіледі. Алдағы екі айдың ішінде Парижде және Ыстамбұлда конференциялар өтеді. Анкара қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылады. Осы іс-шаралардың қорытындысы ретінде Мемлекет басшысының қатысуымен ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ аясында Түркістан қаласында халықаралық түркітанушылар конгресі өтеді. Ұлт ұстазының шығармаларын кеңінен таныту мақсатында таңдамалы еңбектері қазақ, орыс, түрік, ағылшын қатарлы 4 тілде шығарылады», – деді Саясат Нұрбек. Министр мырза бұдан бөлек жыл соңына дейін ҚР Үкіметінің ұйытқы болуымен «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгі дайындалатындығын, сондай-ақ мерейтойлық маркалар мен монеталарды айналымға енгізетінін айтты. Тағы бір жаңалық гуманитарлық ғылымдар саласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын тағайындау мәселесі де шешімін тапқандығын жеткізді.

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі — УикипедияАхмет Байтұрсынұлы көрнекті тіл ғалымы ғана емес, қазақ баспасөзінде де елеулі орны бар тұлға екені белгілі. Ахаңның бас редакторлығымен Орынбор қаласынан шығып тұрған «Қазақ» газетінің қазақ баспасөзінде алар орны ерекше. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мырза өз сөзінде: «Орынборда өткен Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойында кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов: «Оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі болған Ахаңа арналған тұңғыш той – ой ойлаған қазақ баласының жүрегіне жылы тиетін қуанышты ісінің бірі. Әркімнің қалғыған сезімін оятып, өткен күндерін есіне түсіретін көп істің ішіндегі ірісі» деген екен» деді Ұлт ұстазының мерейтойларының сабақтастығын еске ала келіп. «Егемен Қазақстанның» 100 жылдық мерекесі қарсаңында Орынборда осы газет шығарылған үйге мемориалдық тақта орнатылды. Келер жылы «Қазақ» газетіне 110 жыл толағалы отыр», – деді Дархан Қуандықұлы.

Осы конференця кезінде алдағы күндері сонымен қатар, жыл соңына дейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» институтының ғалымдары мен Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы үй-музейі бірлесе дайындаған ғалымның 12 томдық толық шығармалар жинағы шығарылып, еліміздегі кітапханаларға таратылып берілетіндігі мәлім болды.

Конференция модераторы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов қазақтың ұлы ағартушысы, лингвистің қазақ жазуын дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Ерлан Батташұлы Сыдықов | VII шақырылым депутаттары | Нұр-Сұлтан қаласының  мәслихаты– «Ахмет Байтұрсынұлы мерейтойы – елдіктің белесі, гуманитарлық ғылымның мәртебесі. Бүгін біз жаңа Қазақстанның мемлекетшіл-идеологиялық, ғылыми-интеллектуалдық, мәдени-танымдық ізденісін, тәжірибесін, әлеуетін дәріптеу аясында Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын жаңа бағытта зерттеп-зерделеу, аса көрнекті тіл білімі мен әдебиеттану көшбасшысының ғылыми қағидаттарын, тұжырымдамаларын білім, мәдениет және басқа бағыттарда салаландыру мақсатында конференция ұйымдастырдық», – деді Ерлан Батташұлы.

Конференция кезінде ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықовтың «Ахмет Байтурсынов – учитель нации» кітабының тұсаукесері өтті.

Конференция барысында Мажарстан этнография институтының ғылыми қызметкері, PhD, Давид Шоммай Кара Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен ең алғаш 1990 жылдары қазақ тілін үйреніп жүрген кезінде танысқандығын айтты.

«Мен бұрыннан түркі мәдениеті мен тілін үйренумен айналысып келемін. Қытайда жүргенде жергілікті қазақтармен танысып, соның арқасында қазақ тілін үйрене бастадым. Дәл сол кезде мен қазақ лингвисі Ахмет Байтұрсынұлы әзірлеген қазақ әліпбиі туралы алғаш білдім. Ол араб графикасы негізінде Қазақ жазуын реформалап, оны шетелде тұратын миллиондаған қазаққа пайдалануға мүмкіндік берді. Жаңа әліпбиді әлі күнге дейін Қытайда, Ауғанстанда, Иранда тұратын қазақтар қолданады», – деді Давид Шоммай Кара.

Уфа ғылыми орталығының тарих, тіл және әдебиет институты бөлімінің меңгерушісі Фирдаус Хисамитдинова өз Ахмет Байтұрсынұлын бүкіл түркі әлемін қадірлейтінін айтты.

«Әрине, Башқұрттар Ахмет Байтұрсыновты белгілі ғалым, энциклопедист, ақын-ағартушы ретінде ғана емес, түркі халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшыларының бірі ретінде де біледі және құрметтейді», – деді Фирдаус ханым.

PS: Ұлы ғалымның тойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіп жатыр. Қазақтың ардақты перзенті Ахмет Байтұрсынұлының есімін қазақ халқы әрқашан құрмет тұтары мәлім. Қазір еліміз бойынша бір ауыл, 200-ден астам көше және 39 мектеп, бір әуежай, бір мұражайға Ұлт ұстазының есімі берілген екен. Елорда төрінде ғалымның 150 жылдық мерейтойына орай ай соңына дейін әлі де талай мағыналы кездесулер өтетін болады. Бұдан бөлек түбі бір түркі елдерінде де түрлі шаралар өткізу жоспарланғаны белгілі. Біз өз оқырмандарымызды ақпаратпен қамтамасыз ететін боламыз.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
08.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281