Туған қаламызға өнерпаздар тартуы

Туған қаламызға  өнерпаздар тартуы

Орал қаласының төл мерекесіне арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар «Туған қалам – Орал» атты гала концертпен қорытындыланды.

«Тәуелсіздік мерейтойы аясында және «Қала күні» мерекесіне арналған іс-шараны Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды» деп хабарлайды аталмыш бөлімнің баспасөз қызметі.

Мерекелік кеште сөз алған Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков шаһар тұрғындары мен қонақтарын «Қала күні» мерекесімен құттықтап, шаһарымыздың дамуы жолында сіңірген еңбектері үшін бірқатар сала мамандарын Алғыс хаттармен марапаттады.

Концерттік бағдарламаның шымылдығы Оралдағы «Қарақат» мектеп-студиясы өнерпаздарының орындауындағы «Орал вальсі» әнімен ашылды. Одан әрі Еуропа мен Азияның айқұшақ болып қосылар тұсы – Жайық өзенінің, ұлы құрлықтың «Шығыс қақпасы» саналатын, әлемнің жетекші елдерімен ынтымақтастық қатынас орнатқан байырғы және қазіргі Орал шаһарының тарихынан сыр шертетін композициялар көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар облысымызға белгілі өнер иелері – Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының, Жастар шығармашылық орталығының және Жастар мәдениет үйінің әншілері Ақ Жайыққа арналған әсем әндерді әуелетті. Ал «Назерке», «Салтанат», «Инабат», «Step up», «Ақжайық» би ансамбльдері мен «Таис» би театры мың бұрала би билеп, кештің сәнін келтірді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5612
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5759
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20726
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19355
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22822