Туған жерім – дархан далам

Туған жерім – дархан далам

Бүгін Тараз қаласының төріндегі  «Баласағұн» орталық концерт залында «Туған жерім – дархан далам» атты Мойынқұм ауданының Тараз қаласындағы күні өтті.

 

 

Шара барысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, шаһар тұрғындары мен қонақтары мойынқұмдықтардың тыныс-тіршілігімен, мәдениетімен жақынырақ  танысты. Мәселен,  Мойынқұм аудандық білім бөлімі мен Жазылбек Қуанышбаев атындағы  музейі ұйымдастырған «Мойынқұм табиғаты», «Жазылбек – 125», «Көне бұйымдар»  тақырыбында көрмелер,  қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, орыс ұлттарының ұлттық көрмесі мен тағамдарынан тарту. Содай ақ ұлттық спорт түрлері асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, ләңгі тебу  ойындары өткізілді.Сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі деұйымдастырылып, қолжетімді бағада қала халқы мен қонақтарына сатылымға шығарылды. Және де өңірдегі өндіріс орындары шығаратын өнімдер (эталондарын) көрмесі, қолөнер бұйымдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Шара соңында  Мойынқұм ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. 

 

 

Мәдени шара аясында Қазақстанның эстрада жұлдыздары, Мойынқұм ауданының тумасы Ерлан Орынбасар мен Баян Нұрмышева әннен шашу шашып, «Құт дарыған, Мойынқұм!» атты театрландырылған қойылым көрсетілді.

Шараны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған облыс басшылары мен зиялы қауым азаматтар тамашалады.

 

04.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5477
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5629
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20600
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19228
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22692