ТҰМАУДАН САҚТАН

ТҰМАУДАН САҚТАН
Жедел респираторлық вирусты жұқпалар мен тұмау – қоздырғышы ауа тамшы механизмімен берілетін бір біріне жақын аурулар.
Жедел респираторлық вирустық инфекциялар – өз белгілері бойынша тыныс алу мүшелерінің зақымдануымен сипатталатын және тұмауды, парагрипп, респираторлық-синцитиальды инфекцияны, риновирустық және аденовирустық инфекцияларды және жоғары тыныс алу жолдарының басқа да катаральды қабынуын біріктіретін әлемдегі кең таралған аурулар тобы.
Тұмау - эпидемиялық және пандемиялық таралуға бейім, жоғары тыныс жолының зақымданумен көрініс беретін жедел респираторлы вирусты инфекция.
Тұмау әлемнің барлық елдеріне таралған.
Инфекция көзі – тұмаумен ауыратын адам. Аурудың жасырын кезеңі 1-2 сағаттан 1-2 күнге дейін созылады. Инфекция көзінің ең қауіпті уақыты-аурудың алғашқы күндері. Науқас адам ауру қоздырғышы – вирусты қоршаған ортаға тыныс жолдары секретімен бөледі (түшкіру, жөтелген кезде). Адамнан бөлінген ауру қоздырғышы 1-3,5 метр қашықтыққа дейін таралады.
Ауруға шалдығу балалар арасында өте жоғары, жалпы ауырғандардың 40-50 % құрайды. Ауруға шалдығу балалар мен жастар ұжымдарында (балабақшаларда, мектептерде, студенттер арасында) бір мезгілде бұрқ ете қалу түрінде болады.
Тұмау жедел басталады, жеңіл, орташа немесе ауыр клиникалық түрде өтеді.
Жедел пайда болған дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, жөтел, бұлшық еттердің ауыруы 2-3 күннен бастап бәсеңсіп, асқынбаған түрінде 7–ші күнге қарай басылады.
Тұмаудың асқынуы: вирустық пневмония, бактериялық пневмония, отит, гайморит, фронтит, гломерулонефрит, менингит, энцефалит. Септикалық жағдайда бактериялар қанға түсіп, онын ары көбеюімен жүреді. Өте ауыр жағдайда өліммен аяқталады.
Тұмаудың алдын алу шаралары:
- Тыныс жолдарын бетпердемен тұмшалау, яғни жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетпелерді пайдалану;
- Вирустар қалуы мүмкін заттармен байланысқаннан кейін қолды жуу. Сондай-ақ, лас қолмен мұрынды, көзді, ауызды ұстамау;
- Адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
- Ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
- Үй-жайларда жүйелі түрде ылғалды жуып-тазалау жұмыстарын жүргізу, жиі желдету;
- Құрамында С витамині бар өнімдерді көбірек пайдаланып, сұйықтықты көп ішу;
Аурудың негізгі алдын-алу шараларының бірі – тұмауға қарсы вакцинациялау. Тұмаудың эпидемиялық маусымның алдында қыркүйек-қараша айларында адамдарды тұмауға қарсы егу - ауруға шалдығуды, асқынуларды болдырмауды, ауыр түрлерін азайтатындығы дәлелденген жәйттар.
Құрметті аудан тұрғындары! Өз өміріңізді, денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыз! Дәрігердің нұсқауынсыз дәрі-дәрмектерді қолдануға асықпаңыз! Денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!
Сарысу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы А.Ермек
25.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 135
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 186
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 41
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 139
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 133
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 186
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 237
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 243
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 228
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 238
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 243
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 240

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11344
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10278
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13523
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12477
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17485