Тұңғыш президенттің барлық иммунитеті жойылады

Тұңғыш президенттің барлық иммунитеті жойылады

    Мәжіліс өткен жылдың аяқ шенінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын қарауға алған еді. Аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленген Онда 2022 жылдың 8-і маусымындағы Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді. Кулуарда аталған құжат жөнінде пікір білдірген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов: «Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылса, онда аталған заңда қарастырылған бүкіл иммунитет жойылып, оның күші болмайды»,— деді.

Ермек Сахариев
04.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4978
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5143
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20098
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18744
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22199