Тұрандағы «Sirius cup VI» пікірсайыс турнирі

Тұрандағы «Sirius cup VI»  пікірсайыс турнирі

Жақында Алматы қаласындағы «Тұран» университетінде «Sirius» Интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен  дәстүрлі «Sirius Cup VI» республикалық турнирі өтті. «Тұран» университеті – негізі 1992 жылы қаланған ең алғашқы инновациялық корпорация. Жоғарғы оқу орнында студенттің тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін түрлі ұйымдар бар. Сол ұйымдардың бірі –  «Sirius» Интеллектуалды пікірсайыс клубы. Бұл ұйымның құрылғанына небәрі 6 жыл болса да, республикалық, аймақтық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпаздарын дайындап, көптеген биіктерге жетіп үлгерді.

Тартысты додада қатысушылар берілген ең басты жүлде қоры «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанұлы Алшановтың атынан «4 жылдық ректорлық грант»  үшін барын салып, қызықты ойын көрсетті.

Аталмыш турнирге Қазақстанның 7 аймағынан 64 фракция, 128 пікірсайысшы қатысып, бақ сынасты. Турнир барысында мектеп оқушылары әлемдік маңызы бар тақырыптарда ой жүгіртіп, өзара пікір алмасып, қызу талқылау жүргізді. 

Турнирде топ жарып, жүлделі үшінші орынға Қарағанды облысынан ат терлетіп келген Хапан Бекжан мен Мағамет Жібекжан жайғасып, «Тұран» университетінің 1 жылдық ректорлық грантын иеленді.

Өзінің білім көкжиегінің кеңдігі мен білімге деген ынтасының арқасында жүлделі екінші орынға Оқан Асыл мен Бақытбек Ақбота жайғасып, еліміздегі үздік жоғарғы оқу орындарының бірі ретінде танылған «Тұран» университетінде 2 жыл тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.

Ұшқыр ойы мен үздік талпыныстарының арқасында алматылық оқушылар Сұлтанбек Мұхамедали мен Мельс Жібек 1-орынды иеленіп, турнирдің ең басты жүлде қоры – «Тұран» университетінің 4 жылдық ректорлық грантын жеңіп алды.

Жас пікірсайысшыларға үлкен мүмкіндіктер сыйлаған – Тұран уриверситетінің «Sirius» Интеллектуалды пікірсайыс клубының экс-координаторы Нысанбаева Ақбота.  

Сонымен қатар, «Sirius Cup VI» турнирінің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқан демеушілеріміз бен университет басшылығына, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанұлы Алшановқа аса құрметпен алғыс білдіреміз

 

РАУАН МУТАИР
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 29
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1184
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7230
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11095
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7295
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7439