«Тұрақты дамудың» 17 мақсаты

«Тұрақты дамудың» 17 мақсаты

«Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан-ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі». 

Ыбырай Жақаев

Экологиялық келелі мәселелер адамзат дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық қарқынды даму кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Биосфераны қорғау мен сақтап қалу басты мәселе болып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ мерзімді, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау үшін бүкіл адамзаттың бірігуі қажет. 1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. ТДМ-2030 1) азаматтардың өмір сапасын арттыруға, 2) мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, 3) экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді жинағы болып табылады. ТДМ 2030 жылға дейін жетуге тиіс 17 мақсаттан, сондай-ақ, оларға байланысты 169 міндеттерден және 242 индикатордан тұрады. ТДМ үш компонентті біріктіру арқылы тұрақты дамуға жетуіне жәрдемдесуге тиіс: 1) экономикалық, 2) әлеуметтік, 3) экологиялық.

Тұрақты дамудың үш компоненті арасындағы тығыз өзара байланыстың болуы климаттық өзгерістердің маңызды салдарлары және шектелген табиғи ресурстарды сақтау және «жасыл» экономикаға ауысу қажеттілігі айқын болған қазіргі жағдайда ерекше өзектілікке ие болады. 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттары:

1-мақсат. Барлық жерде барлық түрлердегі кедейлікті жою.

2-мақсат. Ашаршылықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауылшаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу.

3-мақсат. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кез келген жаста сау болуына ықпал ету.

4-мақсат. Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету.

5-мақсат. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

6-мақсат. Барлығы үшін су ресурстарының болуын және оларды тиімді пайдалану мен санитарияны қамтамасыз ету.

7-мақсат. Барлығы үшін қымбат емес, сенімді, берік және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

8-мақсат. Ілгерілемелі, барлығын қамтитын және тұрақты экономикалық өсімге, баршаның толық және өнімді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмысына жәрдемдесу.

9-мақсат. Тұрақты инфрақұрылымды жасау, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу.

10-мақсат. Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту.

11-мақсат. Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

12-мақсат. Тұтыну мен өндірудің оңтайлы модельдеріне көшуді қамтамасыз ету.

13-мақсат. Климаттың өзгеруіне және оның салдарларына қарсы күрес бойынша жедел шараларды қолдану.

14-мақсат. Мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын тұрақты даму мүдделерінде сақтау және ұтымды пайдалану.

15-мақсат. Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды оңтайлы пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату.

16-мақсат. Тұрақты даму мақсатында бейбітшіл және ашық қоғамды құруға жәрдемдесу, барлығына арналған сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және бұқараның қатысуына негізделген мекемелерді құру.

17-мақсат. Тұрақты даму мақсатындағы Жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.

Біздің елімізде жоғарыда аталған әр мақсатқа жету жолында жұмыстар атқарылып жатыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің www. kaznu.kz Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы жоғарыдағы аталған бірнеше мәселелермен айналысады. Жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында олардың білімділігін, ізденімпаздығын, жан-жақтылығын дамыту үшін өз елімізден және шетелдік әріптестерімізден берер тағылымы мол тұлғаларды шақырып, көшбасшылық дәрістер ұйымдастырып отырады. Соның бірі Болгарияның София қаласындағы Химиялық технология және металлургия университетінің машина жасау және машина бөлшектері кафедрасының, Ішкі істер министрлігі академиясының Өрт қауіпсіздігі және халықты қорғау факультетінің профессоры Димитър Караиванов «Машина элементтерін жобалауға қойылатын талаптар және ТДМ 9 қамтамасыз ету мақсатында оларды қарастыру. Инфрақұрылымды дамыту, инновация» атты көшбасшылық дәріс өткізді. Бұл дәрісте ТДМ 9-мақсатында аталған 2030 жылға қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жетілдіру және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мен таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процесс неғұрлым кең пайдалану есебінен кәсіпорындарды орнықты етіп қайта жабдықтау мәселелері туралы айтылады

А. К. ҚОЖАХАН, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының қауымдасқан профессоры, т.ғ.к. Гүлсара КАМЕЛХАН, PhD, аға оқытушы
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 23
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 42
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 15
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 21
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 25
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 21
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 42
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 255
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 252
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 874

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8949
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8343
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11569
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9327
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10553