Тұрғындардың қуанышы

Тұрғындардың қуанышы

Орал қаласының іргесіндегі Серебряков ауылында жаңа модульді дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа модульді дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы Алтай Құлқаев, БҚО денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айгүл Кулбаракова, №6 қалалық емхананың директоры Жұмабек Шайхиев қатысып, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Жалпы бұған дейін Серебряковта тек фельдшерлік пункт қана болған. Сол себепті ауырып ем іздегендер көршілес Круглоозерный ауылына немесе қала орталығындағы емханаларға баруға мәжбүр болған. Ал енді №6 қалалық емхананың филиалы ретінде  ашылған орталықта жалпы тәжірибелік дәрігер де, өзге мамандар да тұрғындарды тұрақты негізде қабылдайтын болады. Круглоозерный кентінің әкімі Аманбай Нығметовтің айтуынша, дәрігерлік амбулаторияның ашылуы тұрғындардың қуанышын еселей түскен. 

– Тұрғындарымыз енді көптеген медициналық қызметтерді тұрғылықты жері бойынша ала алады. Сондай-ақ, біз амбулаторияға сегіз жергілікті адамды жұмысқа орналастырамыз. Бұл – кентіміздің одан әрі дамуы үшін жасалып жатқан оңды істердің бірі, – деді кент басшысы.

Модульдік дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 30 келушіні қабылдайды. Мұнда жалпы тәжірибелік дәрігер, фельдшер және екі мейірбике  тұрақты жұмыс жасайды. Оған қоса аптасына үш рет облыс орталығынан мамандар келіп, емделушілерді қабылдайды. Сондай-ақ, орталықта қан талдау сараптамаларын тапсыруға да мүмкіндік бар.

№6 қалалық емхананың директоры Жұмабек Шайхиев алдағы уақытта ауылда күндізгі стационар ашылатынын айтып, тұрғындарды қуантты. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 73
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 402
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 365
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 984

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665