Тұрғындардың талап тілегі ескерусіз қалмайды

Тұрғындардың талап тілегі ескерусіз қалмайды
Жергілікті тұрғындармен кездесу кестесіне сәйкес аудан әкімі Жалғас Мұртаза Мыңбұлақ және Көкбастау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
🖋Жиын барысында аудан әкімі Көлбастау және Талапты ауылдарына ортақ мәдениет үйінің тұрғызылатынына тоқталды. Және әлеуметтік мәселелер мен ауыл ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айта өтті.
Сонымен қатар, Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылындағы басты мәселелердің бірі болған медициналық пунктің құрылысы жүріп жатқандығы және жыл аяғына дейін аяқталатындығын жеткізді.
Көтерілген мәселелерге байланысты аудан әкімі Жалғас Мұртаза, бөлім басшылары жауап беріп, оның кейбірінің орындалуы жауапты басшыларға жүктелді.
✔️Жиында ауыл ақсақалдары аудан басшысына ақ баталарын беріп, ел сенімін ақтайтынына сенім білдірді.
Жуалы ауданы әкімдігі
10.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4993
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5159
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20114
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18759
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22215