Тұрғындарға арналған мәдени іс-шараларды көбейту керек

Тұрғындарға арналған мәдени іс-шараларды көбейту керек
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте келелі мәселелер қаралды. Әуелі Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Жеңіс Пәрімбеков шаһар бюджетінің 2023 жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен болжамды орындалуы туралы баяндады. Келесі кезекте Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Жандос Ордабаев мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің өту барысына кеңінен тоқталды.
🔷Бақытжан Әмірбекұлы өз кезегінде қазына қаржысын игеру мен мемлекеттік сатып алуда заң бұзушылыққа жол бермей, жүйелі жұмыс жүргізу керектігін баса ескертті.
Сондай-ақ шаһар басшысы тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында мәдени іс-шараларды көбейту керектігін де айрықша атап өтті.
– Қаламызда көрікті саябақтар өте көп. Қазір күн жылығандықтан онда ағылған халықтың да қарасы қалың. Алайда, оларды қызықтыратын бірде-бір іс-шара ұйымдастырылып жатқан жоқ. Мәдени-көпшілік шараларды тек мереке күндері ғана ұйымдастыру шарт емес. Сенбі, жексенбі күндері де жұртшылық көп жиналатын орындарда осындай шараларды өткізген жөн. Сондықтан кешенді жоспар әзірлеуді тиісті бөлім басшыларына тапсырамын, – деді қала әкімі.
🔷Аппараттық кеңесте абаттандыру, санитарлық тазалық және көріктендіру бойынша көктемгі екі айлық, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, қоғамдық-саяси ахуал, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй қорын жаңғырту сынды мәселелер де назардан тыс қалмады.
📌Сонымен қатар жиын барысында Наурыз мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырған бірқатар аумақтық округтердің инспекторлары қала әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Тараз қаласының әкімдігі
28.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11730
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711