Түрікмендер — ежелден бауырлас ел

Түрікмендер —   ежелден бауырлас ел

Ақордада Қазақстан мен Түрікменстан  мемлекеттерінің жалаулары  көтеріліп, екі елдің әнұрандары орындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас, ең жақын көршілердің бірі саналатын Түрікменстан  басшысын және оның делегациясын салтанатты түрде қарсы алды. Кейін тараптар кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізді.

Соңғы  он жылда Қазақстан нарығында түрікмен тауарларының үлесі айтарлықтай артқан. Әсіресе сүлгілер, үйге қажетті жабдықтар, көрпе тыстары мен киімдер базарлар мен дүкендерде кеңінен таралған.

Президенттің айтуынша, соңғы бес жылда қос ел арасындағы өзара сауда көлемі төрт есеге өсіп, жарты миллиард долларға жетті. Қазақстанда түрікменнің 140-қа жуық компаниясы жұмыс істейді. Сонымен бірге еліміздің Түрікменстан экономикасына салған инвестициясы 120 млн долларға жуықтады.

Екі мемлекет басшылары сауда-экономикалық және көлік-логистикалық әріптестікті нығайтуға келісті. Бұл мақсатта қос елде Сауда үйлерін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ екі елдің қалалары арасында тікелей әуе рейстерін іске қосу мүмкіндігі талқыланды.

Қазақстан Түрікменстанға бидай, өсімдік майы, ет пен сүт өнімдерін экспорттайды. Осыған байланысты көлік-транзиттік бағыттарды дамыту – заман талабы. Кездесуде ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері қаралды. Президент Тоқаев Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізіндегі Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол бағытымен қатар, Каспийдегі Ақтау, Құрық және Түрікменбашы порттарының әлеуетін толық пайдалану жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.

– Биылғы он айда тасымал көлемі 1,5 млн тоннаға жетіп, 14 пайызға артты. Тарифтерді оңтайландыру, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету бойынша шаралар қабылдануда. Шекара маңы инфрақұрылымы дамып, өткізу бекеттері жаңғыртылып жатыр. Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы бағыты бойынша жол инфрақұрылымдарын үйлестіру мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ: «Қазақ пен түрікмен – ежелден достығы жарасқан туыс халықтар. Біздің тарихымыз және мақсат-мұратымыз – ортақ, мәдени-рухани құндылықтарымыз – бір. Жарқын болашаққа бірге қадам басу үшін күш жұмылдырамыз», – деген Қ.Тоқаев бауырлас екі халықтың стратегиялық серіктестігі нығая түсетініне сенім білдірді. Қазақстан ұзақ жылдар бойы түрікмен газын Қытайға тасымалдауда сенімді серіктес болып келеді. Алдағы уақытта екі ел газды қайта өңдеу және көгілдір отын жеткізетін инфрақұрылымды дамыту бағытында да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Бауырлас халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бұл кездесу екі елдің стратегиялық байланысын одан әрі нығайта түсті.

 

27.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 34
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 23
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 30

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20381
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20209
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35317
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33884
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37735