ТҮРІКТЕР – РУХЫ БИІК ХАЛЫҚ

ТҮРІКТЕР – РУХЫ БИІК ХАЛЫҚ

Міне, бірнеше күн болды, Түркия мен Шам еліндегі  зілзала еңсемді көтертер емес. Қандай ауыр апат?! Неткен үлкен сынақ?! Қираған көп қабатты үйлердің теңселген сәттері... опырыла құлаған мезеттері... қазып алынып жатқан балалардың бейкүнә келбеттері... еңіреп жылаған жұрттың көз жасы... Дәтің шыдап қарауға күш керек.  Апат айтып келмейді деген осы!  

Айтайын дегенім, түріктер – ер халық. Бауырмал халық. Қонақжай халық. Діншіл халық.  Осман империясы тұсында Мекке мен Мәдинаға дейін билігін жүргізген. Мұсылман әлеміне билік айтқан халық.    Шам даласын  Америка мен Ресей ұшақтары бомбалағанда миллиондаған мұсылман босқындарын бауырына басқан халық... Мұсылманшылықты ту қылып көтерген осындай халық зілзаланың зардабын тартуда...    

Менің түрік достарым көп. Бәрі білімді. Бәрі иманды. Жаман ұлт болмайды, жаман адамдар болады деген рас сөз.  Қазақ атамыз мұны бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген ғой: «Бір биеден ала да, құла да туады» деп.   Мен түріктерді неге жақсы көрдім?  Айтайын, оларда рух бар.  Рухты адам маңайына нұр шашып жүреді. Рухты адам жігерлі, намысшыл болады.  Өздерін жоғары санайды. Олар ешкімге құл болғысы келмейді, ұл болғысы келеді!  Сыртта жүрсе де сыр алдырмайды. Отандарына адал. Тілдеріне бекем. Тарихқа жетік. Түркиядағы идеологияның жемісі болар, Қазақстанды ата жұртым,  қазақтарды қандас-бауырым деп елжірейді. Қазаққа бүйрегі бұрып тұрады.  

Ертеректе  «Қазақстан ZAMAN» газетінің бас директоры болған Ахмет Аляздан сұхбат алғаным бар.  Сонда Ахмет:  «Алматыға келіп ұшақтан түскенде алдымда екі таңдау тұрды: Не орысша, не қазақша оқу.  Мен ойланбастан «қазақша» дедім.  Маған таңдана қарағандар  көп еді.  Әуежай орысша қарсы алды.  Көше тілі де орысқа тәуелді. Шенеуніктердің бәрі орыстілді. Бірақ мен ойымнан қайтпадым.  Жоғары оқу орнын  қазақша бітірдім. Әлі күнге дейін тек қазақша сөйлеймін.  Орысша сөйлейін десем, тілім күрмеледі. Тартпайды.  Қызықпаймын» дегені  есімде. Міне, империяның жемісі. 

Рухы мықты халық бұдан да өтер.  Жамандық кетер, жақсылық жетер.  Оған кәміл сенемін. Түрік қардаштарыма  қайғыра көңіл айтамын.  Бекем болыңыздар! 

«Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы» демекші, түрік ағайын зілзаладан зардап шегіп қайғырып жатса, Ресей мен Украина бірін-бірі аяусыз атқылап  қырып жатыр...

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 48
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 577
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 691
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 606
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 615

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8752
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8152
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11381
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9135
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10366