Түркістан әуежайында цифрлық жеке куәлікті қолдана аласыз

Түркістан әуежайында цифрлық жеке куәлікті қолдана аласыз

«Түркістан халықаралық әуежайында «e-Gov Mobile» қосымшасының көмегімен цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі туды. Бұл қызмет түрін пайдалану үшін азаматтар алдымен «e-Gov mobile» жүйесіне тіркелу керек. Сол қосымшадағы «Цифрлық құжаттар» деректер сервисінде сақталған жеке куәліктің QR-кодын әуежайдың тіркеу бөлімінде орналасқан арнайы құрылғы арқылы сканерден өткізсеңіз жеткілікті. Арнайы аппарат жеке мәліметтеріңізді анықтап, сол мезетте сізді деректер қорына тіркейді», – деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мұндай жаңа қызмет түрі әзірге еліміз бойынша Түркістаннан өзге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларындағы әуежайда ғана бар.

«Бұл әзірге пилоттық жоба ретінде іске асырылып жатқандықтан, азаматтарға жеке куәлігінің түпнұсқасын да өздерімен бірге алып жүргендері жөн. Жаңа жүйе сынақтан толық сәтті өткен соң жоба еліміздің басқа да қалаларында жүзеге асырылады деп күтілуде», – деді Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев.

Иә, Түркістан қаласын туризм орталығына айналдыру бағытындағы бұл қадам өте маңызды және қаже. Өйткені шет мемлекеттерден келген туристер үшін де цифрлық қызмет түрін пайдалану тиімді. Бұл қазіргі таңда әлем елдері үшін қолайлы және тиімді қызмет түрі ретінде есептеледі.  

Ш.Молдабек
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5586
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5733
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20703
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19333
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22799